Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.06.2018ж

2018 жылғы 1 маусымға Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 1487 отбасындағы 8033 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 192,3 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 4787,6 теңге.

Жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек 1306 адамнан тұратын 284 отбасына шартсыз, 6727 адамнан тұратын 1203 отбасына шартты түрде тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабылетті азаматтардың үлесі 23,5 пайызды құрады.

Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 692 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 22,1 млн. теңгені құрады. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 358 мүгедек балаға 9,6 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 4199 қызметкеріне 20,1 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 2295 отбасына 287,9 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні: 22.06.2018 01:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 13:35

Қаралым саны: 1212