Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.04.2020ж.

2020 жылдың 1-ші сәуіріне 3446 адам өкілетті органдарға атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңес сұрап келген болса, олардың ішінен 1384 отбасының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштері қабылданды.

Қаңтар-наурыз айларына 1258 отбасындағы 7191 адамға 183,9 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.

Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 1897 адамды құрайды. Оның ішінде 20-ы өзін-өзі қамтитындар, 935-ы жүгіну кезінде жұмысы барлар, 359-ы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 543-і бала күтіміндегілер, 40-ы – өзгелер.

Осы 359 жұмыссыздың 278-і немесе 77,4 пайызы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 49-ы тұрақты жұмысқа, 210-ы қоғамдық жұмысқа, 8-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 11-і қайта даярлау курстарына жіберілді.


Мақаланың шыққан күні: 21.04.2020 23:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.04.2020 23:47

Қаралым саны: 433