Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.09.2020

Қызметтер

Әлеуметтік қорғау

2018 жылғы 1 сәуірге Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 1167 отбасындағы 6360 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 100,0 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 5243,2 теңге.

Жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек 1078 адамнан тұратын 231 отбасына шартсыз, 5282 адамнан тұратын 936 отбасына шартты түрде тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабылетті азаматтардың үлесі 25,8 пайызды құрады.

Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 587 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 10,5 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкесті кезеңінде тұрғын үй көмегі 575 отбасына тағайындалған.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын 357 мүгедек балаға 5,8 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 762 қызметкеріне 3,8 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаз азаматтардың жекелеген топтарына жататын 201 отбасына 95,8 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді


Мақаланың шыққан күні: 16.04.2018 02:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 13:48

Қаралым саны: 1237