Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 01.03.2020ж.

2020 жылдың 1-ші наурызына 3041 адам өкілетті органдарға атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңес сұрап келген болса, олардың ішінен 1340 отбасының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштері қабылданды.

Қаңтар-ақпан айларына 1216 отбасындағы 6973 адамға 116,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.

Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 2087 адамды құрайды. Оның ішінде 20-ы өзін-өзі қамтитындар, 909-ы жүгіну кезінде жұмысы барлар, 341-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 765-і бала күтіміндегілер, 52-і – өзгелер.

Осы 341 жұмыссыздың 231-і немесе 67,7 пайызы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 39-ы тұрақты жұмысқа, 176-ы қоғамдық жұмысқа, 6-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 10-ы қайта даярлау курстарына жіберілді.


Мақаланың шыққан күні: 21.04.2020 23:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.04.2020 23:47

Қаралым саны: 160