Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.01.2018

2017 жылы Атырау облысында табысы кедейлік шегінен төмен 422 отбасындағы 2035 азаматқа  57,3 млн. теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 2016 жылы 541 отбасындағы 2666 адам атаулы әлеуметтік көмек алған болатын. Соңғы бір жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 631 адамға немесе 23,7%-ға азайған.

Жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 4344 отбасындағы 13484 балаға 239,9 млн. теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалып, төленді. Өткен жылы 5072 отбасындағы 15118 бала жәрдемақы алған. Яғни, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 1634 балаға немесе 10,8 пайызға азайған.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге  және басқа да санаттағы азаматтарға мерекелік және атаулы күндерге,  коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарын өтеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларына, барлығы 12466 адамға жалпы сомасы 918,6 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасына 1751 адамнан тұратын 302 аз қамтылған отбасы тартылды.

Жобаға қатысушы 337 жұмыссыздың 192 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасса, 99 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесіне, 37 адам кәсіби даярлау курстарына жіберілді.

Жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 6485 теңгеден 21414 теңгеге дейін немесе 230,2 пайызға өсті.

2016 жылы «Өрлеу» жобасына 857 адамнан тұратын 143 отбасы қатысып, олардың жан басына шаққандағы айлық орташа табысының өсімі 11119 теңгені немесе 193,1%-ды құраған болатын.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2018 00:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 13:57

Қаралым саны: 1162