Array Әлеуметтік көмек | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Әлеуметтік көмек

2016 жылғы 1 шілдеге Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 442 отбасындағы 2196 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен (455 отбасы, 2300 адам, 39,4 млн. теңге) салыстырғанда 4,5%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 40,1 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 3044 теңге.

- жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 4318 отбасындағы 12844 бала қамтылды, Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2015 жылғы осындай кезеңдегімен (4167 отбасы, 12248 бала, 123,8 млн. теңге) салыстырғанда 4,6%-ға жоғары, тағайындаулардың сомасы 136,3 млн. теңгені құрайды. Орташа айлық мөлшері 1769 теңге;

- 2016 жылғы 1 шілдеге тұрғын үй көмегі 701 отбасына тағайындалды. 2015 жылдың сәйкесті кезеңінде тұрғын үй көмегі 700 отбасына тағайындалған болатын. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 14,9 млн. теңгені құрады.

«Өрлеу» жобасына 89 аз қамтылған отбасындағы 551 адам тартылып, оларға 8,3 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға тартылған отбасылардағы 103 жұмыссыздың 95-і, яғни, 92,2 пайызы жұмыспен қамту шараларына тартылды.


Мақаланың шыққан күні:: 03.09.2016 16:35
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 16:46