Array Әлеуметтік қорғау 09.02.2017 | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Әлеуметтік қорғау 09.02.2017

2017 жылғы 1 ақпанға Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 207 отбасындағы 987 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (305 отбасы, 1499 адам, 6,2 млн. теңге) салыстырғанда 34,2%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 3,6 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 3698,0 теңге.

- жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 2726 отбасындағы 8464 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (3236 отбасы, 9760 бала, 21,5 млн. теңге) салыстырғанда 13,3%-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 19,8 млн. теңгені құрайды. Орташа айлық мөлшері 2343,0 теңге;

- тұрғын үй көмегі 369 отбасына тағайындалды. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен (278 отбасы) салыстырғанда 32,7%-ға жоғары. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 5,3 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 4802,7 теңге.

«Өрлеу» жобасына 16 аз қамтылған отбасындағы 89 адам тартылып, оларға 685,7 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға тартылған отбасылардағы 21 жұмыссыздың 18-і жұмыспен қамту шараларына тартылды. Жобаға тартылғанға дейін бұл отбасылардың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 4820,5 теңге болған болса, қаңтар айының қорытындысы бойынша 13839,0 теңгеге дейін өсіп, табыс өсімі 9018,5 теңгені немесе 187,1 пайызды құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 09.02.2017 18:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.02.2017 18:18