Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.09.2020

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.11.2017

2017 жылғы 1 қарашасына Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 405 отбасындағы 1948 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (531 отбасы, 2603 адам, 63,6 млн. теңге) салыстырғанда 25,2%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 45,3 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 4164 теңге.

-жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 4188 отбасындағы 13000 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (4980 отбасы, 14819 бала, 218,8 млн.теңге) салыстырғанда 12,3 %-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 201,8 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 1552,4 теңге;

«Өрлеу» жобасына 302 аз қамтылған отбасындағы 1748 адам тартылып, оларға 76,9 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға қатысушы 337 жұмыссыздың 185 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасса, 99 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесіне, 35 адам кәсіби даярлау курстарына жіберілді.

 


Мақаланың шыққан күні: 17.11.2017 07:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 07:38

Қаралым саны: 1301