Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.09.2020

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.10.2017

2017 жылғы 1 қазанға Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 375 отбасындағы 1786 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (497 отбасы, 2450 адам, 57,1 млн. теңге) салыстырғанда 27,1%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 39,9 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 2484,5 теңге.

-жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 4000 отбасындағы 12376 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (4724 отбасы, 14052 бала, 199,1 млн.теңге) салыстырғанда 11,9 %-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 184,4 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 1655,2 теңге;

«Өрлеу» жобасына 301 аз қамтылған отбасындағы 1743 адам тартылып, оларға 69,0 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға қатысушы 335 жұмыссыздың 177 адам тұрақты жұмысқа, 7 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасса, 97 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесіне, 33 адам кәсіби даярлау курстарына жіберілді.


Мақаланың шыққан күні: 23.10.2017 02:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 07:44

Қаралым саны: 1235