Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.09.2020

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.07.2017

2017 жылғы 1 шілдеге Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 330 отбасындағы 1575 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (442 отбасы, 2196 адам, 40,1 млн. теңге) салыстырғанда 28,3%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 26,5 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 2809,0 теңге.

-жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 3644 отбасындағы 11209 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (4318 отбасы, 12844 бала, 136,3 млн.теңге) салыстырғанда 12,7 %-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 126,2 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 1876,5 теңге;

«Өрлеу» жобасына 199 аз қамтылған отбасындағы 1151 адам тартылып, оларға 35,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға тартылған отбасылардағы 216 жұмыссыздың 199-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды.

 


Мақаланың шыққан күні: 04.08.2017 02:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 07:50

Қаралым саны: 1205