Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.06.2017

2017 жылғы 1 маусымға Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 329 отбасындағы 1569 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (433 отбасы, 2161 адам, 33,1 млн. теңге) салыстырғанда 27,4%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 21,7 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 2763,8 теңге.

-жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 3601 отбасындағы 11091 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (4281 отбасы, 12738 бала, 113,3 млн.теңге) салыстырғанда 12,9%-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 104,5 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 1885,1 теңге;

«Өрлеу» жобасына 193 аз қамтылған отбасындағы 1115 адам тартылып, оларға 27,7 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға тартылған отбасылардағы 209 жұмыссыздың 168-і жұмыспен қамту шараларына тартылды.

 


Мақаланың шыққан күні:: 04.08.2017 01:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.08.2017 01:42