Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.05.2017

2017 жылғы 1 мамырға Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 321 отбасындағы 1534 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (419 отбасы, 2110 адам, 26,3 млн. теңге) салыстырғанда 27,3%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 16,8 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 2744,5 теңге.

-жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 3506 отбасындағы 10829 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (4203 отбасы, 12507 бала, 90,5 млн.теңге) салыстырғанда 13,4%-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 83,1 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 1919,0 теңге;

«Өрлеу» жобасына 174 аз қамтылған отбасындағы 1004 адам тартылып, оларға 15,9 млн.теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға тартылған отбасылардағы 184 жұмыссыздың 99-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды.


Мақаланың шыққан күні: 17.05.2017 06:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 08:10

Қаралым саны: 773