Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Әлеуметтік көмек 01.04.2017

2017 жылғы 1 сәуірге Атырау облысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 239 отбасындағы 1145 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (344 отбасы, 1707 адам, 19,9 млн. теңге) салыстырғанда 32,9%-ға төмен, тағайындалған әлеуметтік көмек сомасы 12,2 млн. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық орташа мөлшері 3546,6 теңге.

- жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен 2995 отбасындағы 9272 бала қамтылды, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен (3597 отбасы, 10759 бала, 68,6 млн. теңге) салыстырғанда 13,8%-ға төмен, тағайындаулардың сомасы 62,9 млн. теңгені құрады. Орташа айлық мөлшері 2262 теңге;

«Өрлеу» жобасына 86 аз қамтылған отбасындағы 506 адам тартылып, оларға 23,8 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жобаға тартылған отбасылардағы 81 жұмыссыздың 55-і жұмыспен қамту шараларына тартылды. Жобаға тартылғанға дейін бұл отбасылардың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 5233,6 теңге болған болса, наурыз айының қорытындысы бойынша 17016,4 теңгеге дейін өсіп, табыс өсімі 11782,8 теңгені құрады.


Мақаланың шыққан күні: 24.04.2017 16:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 08:22

Қаралым саны: 652