Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Көші-қон мәселесі 1 сәуір 2020 жыл

2020 жылдың 1 сәуіріне Атырау облысына 21 отбасы 31 адам этникалық қазақтар көшіп келді. Олардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 19 отбасы 29 адам, Қытай Халық Республикасынан 2 отбасы 2 адам «Оралман мәртебесін беру туралы» өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» арқылы келіп түсті, құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.

2 адамның «Оралман мәртебесін ұзарту туралы» өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» арқылы келіп түсті, қаралды, оралман мәртебесі ұзартылды.

Олар облыстағы қала, аудандарға орналасты. Атап айтқанда, Атырау қаласына 14 отбасы 23 адам, Жылыой ауданына 6 отбасы 7 адам, Индер ауданына 1 отбасы 1 адам орналасты.


Мақаланың шыққан күні: 06.05.2020 13:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.05.2020 13:00

Қаралым саны: 94