Array Облыстық білім беру саласы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.04.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Облыстық білім беру саласы

28.02.2017

Атырау облысы білім беру саласында облыстық білім беру басқармасы және 8 білім беру бөлімі, оның ішінде - 1 қалалық, 7 аудандық.

Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы – Сайлауова Нұрсәуле Сайлауқызы

Атырау облысы Білім беру басқармасының орналасқан жерi: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: 35-49-65

Электрондық мекен-жайы: uoatyrau@mail.ru

Атырау облысы бойынша қалалық, аудандық білім беру бөлімдері

1

Атырау қалалық білім бөлімі

Аманшиева Света Ертілеуқызы

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 65 «а» 

8(7122)35-48-47

2

Жылыой аудандық білім бөлімі

м.а. Казиева Жанар Орынбасарқызы

Құлсары қаласы, Әбдірахманов көшесі, 47

8(71237) 5-14-85

3

Индер аудандық білім беру бөлімі

Шакимов Берік Жеңісұлы

Индер селосы, Қонаев көшесі,18

8(71234) 2-10-50

4

Исатай аудандық білім беру бөлімі

Мырзағалиев Бейбіт Темірбекұлы

Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі, 7 

8(71231) 2-05-87

5

Қызылқоға аудандық білім беру бөлімі

Бағдаров Амангелді Оразбайұлы

Миялы селосы, Қарабалин көшесі, 24

8(71238) 2-11-75

6

Құрманғазы аудандық білім беру бөлімі

м.а. Баяров Еділ Гарипұлы

Ганюшкино селосы, Көшекбаев көшесі, 25

8(71233) 2-04-00

7

Мақат аудандық білім беру бөлімі

Ермағамбетов Ербол Қоңысбайұлы

Мақат кенті, Теміржолшылар көшесі, 5

8(71239) 3-00-13

8

Махамбет аудандық білім беру бөлімі

Жайлашев Самат Нұриденұлы

Махамбет селосы, Махамбет көшесі, 13

8(71236) 2-22-63

 

Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысы білім беру саласы қарыштап дамыды.

2016 жылы білім беру саласын қаржыландыру көлемі 50,3 млрд.теңгені құрады.

Мектептер саны өсті, егер 1991 жылы облыста 153 мектеп болған болса, осы жылдар ішінде 41 жаңа мектеп ашылып, ағымдағы жылы мектептер саны 194 бірлік құрады, оның екеуі – жекеменшік.

Тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында апаттық жағдайдағы мектептер саны 14-ке дейін жеткен болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 6 бірлікке азайып, қазіргі уақытта осы 6 мектепті ауыстыру үшін құрылысы жүргізілуде.

90-жылдардағы оңтайландыру кезеңінен кейін 251 мектепке дейінгі білім беру ұйымынан 80-і ғана қалған болса, қазіргі таңда олардың саны – 303, оның ішінде 164 – бала бақша, 139 – шағын орталық. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 56,9%-ды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 85,1%-ды құрайды, ал 90-жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 49,8% және 42,5% құрады.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағыты аясында облыста 29 жекеменшік балабақша, 7 шағын орталық, 1 «мектеп-балабақша» кешені ашылды.

1991 жылы 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс жасаса, 2000 жылдан бастап 8 оқу орны ашылып, бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беруді 25 колледж жүзеге асырады.

Тәуелсіздік алғаннан бері дарынды балаларды қолдау және оларға жағдай жасау мақсатында аймағымызда жаңа типтік үлгідегі білім беру ұйымдары: 7 мамандандырылған интернаттық мекемесі бар облыстық мектеп, 11 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 1 лицей ашылды.

Осының нәтижесінде, егер Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде халықаралық олимпиадалар және ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары 10-ға да жетпеген болса, 2016 жылы осындай білім беру сайыстары жеңімпаздарының саны 41-ге дейін өсті.

Облыс орталығында 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, барлық аудандарда – психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері және республикада алғаш рет облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы ашылды.

Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы кезеңінде облыстың білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер мен ілгерілеушіліктер байқалады: білім беру ұйымдары жоқ елді мекендер саны азайды; үш ауысымда оқыту жойылды; апаттық жағдайдағы мектептер саны азайды; білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды; мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолжетімді білім беру қамтамасыз етілді; жасалып жатқан реформалар аясында білім беру мазмұны жаңартылды; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес оқу үрдісіне үштілділікті енгізу қарқынды жүргізілуде; педагог кадарлардың сапалық құрамы жақсарды.

Қазірде облыстың білім беру саласында 164 балабақша, 139 мектепке дейінгі шағын орталық, 192 орта мектеп, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, 3 арнайы түзету білім беру ұйымы, 2 балалар үйі, 1 балалар денсаулығын оңалту орталығы, 1 бейімдеу орталығы, 2 педагогикалық-психологиялық-медициналық консультация, 7 түзету кабинеті, 40 қосымша білім беру, 1 аймақтық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы, 1 облыстық әдістемелік кабинет жұмыс жасайды.

Атырау облысы білім беру ұйымдарының анықтамалық мәліметтері (телефон анықтамалығы) – (Exсel нұсқасында) - 2 бет (XLS 22 Kb)

 


 

Атырау облысы білім беру саласында облыстық білім беру басқармасы, 8 білім беру бөлімі, оның ішінде - 1 қалалық, 7 аудандық.

Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысыСайлауова Нұрсәуле Сайлауқызы

Атырау облысы Білім беру басқармасының орналасқан жерi: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: 35-49-65

Электрондық мекен-жайыuoatyrau@mail.ru

Атырау облысы бойынша қалалық, аудандық білім беру бөлімдері

1

Атырау қалалық білім бөлімі

Қарабаев Бақберген Қасымұлы

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 65 «а» 

8(7122)35-48-47

2

Жылыой аудандық білім бөлімі

Аманшиева Света Ертілеуқызы

Құлсары қаласы, Әбдірахманов көшесі, 47

8(71237) 5-14-85

3

Индер аудандық білім беру бөлімі

Шакимов Берік Жеңісұлы

Индер селосы, Қонаев көшесі,18

8(71234) 2-10-50

4

Исатай аудандық білім беру бөлімі

Мырзағалиев Бейбіт Темірбекұлы

Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі, 7 

8(71231) 2-05-87

5

Қызылқоға аудандық білім беру бөлімі

Бағдаров Амангелді Оразбайұлы

Миялы селосы, Қарабалин көшесі, 24

8(71238) 2-11-75

6

Құрманғазы аудандық білім беру бөлімі

Ғилаев Марат Ғилаұлы

Ганюшкино селосы, Көшекбаев көшесі, 25

8(71233) 2-04-00

7

Мақат аудандық білім беру бөлімі

Ермағамбетов Ербол Қоңысбайұлы

Мақат кенті, Теміржолшылар көшесі, 5

8(71239) 3-00-13

8

Махамбет аудандық білім беру бөлімі

Жайлашев Самат Нұриденұлы

Махамбет селосы, Махамбет көшесі, 13

8(71236) 2-22-63

 


 

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша

Облыста 296 мектепке дейiнгi ұйым: 158 — балабақша, 138 — шағын орталық (30 — жекеменшiк балабақша, 4 — жекеменшiк шағын орталық) жұмыс жасайды. Оларға 31 647 бала барады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2453 балаға артық.

Мектепке дейiнгi ұйымдарда орын тапшылығын түбегейлi қысқарту 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамтуды 54,5%-ға (2014ж .- 53,5%), 3-6 жастағы балаларды 82,6% -ға жеткiзуге мүмкiндiк бердi (2014ж. — 79,2%).

3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi ұйымдармен толық қамтуды Қызылқоға ауданы (100) орындап отыр, ал ең жоғары көрсеткiш — Атырау қаласында (84,6%) және Жылыой ауданында (83,3%).

Балабақшаларда орын тапшылығы мәселесiн шешу мақсатында бiлiм беру саласында бiр концессиялық жоба басталды: Атырау қаласында 140 орындық балабақшаны жаңғырту.

Сондай-ақ, 66 мемлекеттiк, 6 жекеменшiк балабақшаға және 62 шағын орталыққа мемлекеттiк тапсырыс орналастырылды.

Балалары мектепке дейiнгi ұйымдарға бармайтын ата-аналарға арналған 67 консультациялық пункт жұмыс жасайды. Олар жас ата-аналарға бала тәрбиесi жөнiнде кеңестер берiп отыр.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагогтары 22 авторлық бағдарлама әзiрлеп, оның 4-уi республика көлемiнде таратылды.

Мектепке дейiнгi ұйымдар желiсiн өсiруде мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiктiң мүмкiндiктерi қолданылуда. Облыста бүгiнгi күнi 34 жекеменшiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы жұмыс жасайды.

 


 

 2015 жылдың 1 қазанындағы есептілік мәлімет бойынша

Атырау облысының білім беру саласында 158 балабақша, 138 мектепке дейінгі шағын орталық, 192 орта мектеп, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, 33 қосымша білім беру, 3 арнайы түзету білім беру ұйымы, 2 балалар үйі, 1 балалар денсаулығын оңалту орталығы, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 2 педагогикалық-психологиялық-медициналық консультациясы, 7 түзеу кабинеті, 1 аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы, 1 облыстық әдістемелік кабинеті жұмыс жасайды.

Облыста 2015-2016 оқу жылында 10241 педагог жұмыс жасайды. Олардың жоғары білімдісі – 9083 (88,6%), орта арнаулы кәсіптік білімдісі - 1145 (11,1%), жоғары санаттысы – 1745 (17%), бірінші санаттысы – 3233 (31,5%) құрайды. Жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлес салмағы 48,6% құрап отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инженер-педагог қызметкерлердің саны – 1410, оның ішінде жоғары білімді – 1200, орта кәсіптік – 210; санаттары бойынша: жоғарғы – 252, бірінші санатты – 200, екінші санатты – 510.

 

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Облыста 158 балабақша мен 138 шағын орталық жұмыс жасайды. Оларда 31 647 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Оның ішінде 30 жекеменшік балабақша, 4 жекеменшік шағын орталықта, 1637 бала бар.

Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту:

- 1-6 жас аралығында – 54,5%

- 3-6 жас аралығында – 86,2%

Облыста 5-6 жастағы балалар мектепалды даярлықпен 100% қамтылған.

 

Жалпы орта білім беру

Облыста 192 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 166 орта (оның 5-уі – дарынды балаларға арналған облыстық мектеп), 15 негізгі, 11 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 57-сі қала мектебі, 135-і – ауыл мектебі; 135-і – қазақ тілінде, 52-сі - қазақ және орыс тілдерінде, 5-уі орыс тілінде білім береді.

Оқушылар контингенті – 103917, оның ішінде 81340 (78,3%) оқушы - қазақ тілінде, 22577 (21,7%) оқушы орыс тілінде білім алады.

Бірінші сыныпқа 13378 бала қабылданды.

Облыста 1 жекеменшік мектепте 180 оқушы білім алады.

2014-2015 оқу жылында 4828 оқушы мектеп бітірді. Оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында білім сапасының орташа балы 61,1 болды, бұл алдыңғы оқу жылындағы көрсеткіштен 1,1-ге төмен. Облыста 25 түлек - «Алтын белгі», 8 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгіге» үміткер 5 бітіруші бір пәннен бір балл жетпей, «Алтын белгіге» тиісті балл жинай алмады. Нұсқау бойынша олар «Үздік аттестат» алды. ҰБТ қорытындысы бойынша «Үздік аттестат» иегері барлығы 13 түлек.

Халықаралық, республикалық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадаларға облысымыздың 143 оқушысы қатысып, 81 оқушы жеңімпаз атанды.

Оқушыларымыз Көкшетау қаласында өткен «Зерде» республикалық байқауында - командалық I орын, Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында - II орын, республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 1 орынға ие болды.

Жаңа модификациялық кабинетпен қамтылу пайызы - 83,8%, облыс мектептерінде - 164 физика кабинеті, 161 химия кабинеті, 162 биология кабинеті бар.

Бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Облыста187 мектеп (97,3%) - кең жолақты интернетке, 54 оқу орны «Е-learninq» электронды оқыту жүйесіне қосылған.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның тәжірибесін таратушы база ретінде Атырау қаласының Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі және №31 мектеп-гимназия белгіленіп, оларға 20 магниттік мектеп бекітілді.

Сонымен бірге, 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізетін - 2 мектеп (Атырау қаласының №17 мектеп-лицейі, Исатай ауданының Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі), 9 сыныпқа арналған "Зайырлық және дінтану негіздері" курсының оқулықтарын сынақтан өткізетін 2 мектеп (№25, №33 мектептер) бар.

Облыста 3 арнайы түзеу ұйымында 316 бала қамтылған. 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Атырау қаласында – облыстық және қалалық), 7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және 1 облыстық балалар денсаулығын оңалту орталығы қызмет жасайды.

Облыстың 192 жалпы орта білім беретін мектебінің 107-де инклюзивті білім беру ұйымдастырылған.

Облыста 0-18-ге дейінгі жастағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар саны - 603. Оның ішінде 445 бала - қамқоршылық пен қорғаншылықта, 16-сы - қазақстандық отбасыларының патронаттық тәрбиесінде, 107-сі - білім беру басқармасына қарасты балалар үйі мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылында және 35-і - денсаулық және әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде (Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған С.Қазыбаев атындағы облыстық балалар үйінде - 47, отбасы үлгісіндегі балалар ауылында – 47, жасөспірімдер үйінде -20)

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру мақсатында патронаттық тәрбиеге беру «Қонақ бала», «Жанашыр» бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Облыстағы 33 қосымша білім беру ұйымының 31-і – мемлекеттік, 2-уі – жекеменшік. Түрлеріне қарай: 3 - Оқушылар орталықтары, 2 - Оқушылар үйі, 1 – жас натуралистер стансасы, 1 жас техниктер стансасы, 16 – балалар саз мектебі, 9 – өнер мектебі, 1 – қызығушылығы бойынша клуб. Жазғы мезгілінде 4 демалыс лагері жұмыс жасайды.

Қосымша білім берумен қамту - 15%.

2015 жылы жазғы тынығу, демалыспен 94,1% оқушы қамтылды.

Облыста 184 жалпы орта білім беретін мектепте 101254 оқушы тамақпен қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан 11050 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның 48148-і - 1-4 сынып, 53562-сі - 5-11 сынып оқушылары.

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңірек кіріктіру (интеграциялау) жұмыстары қолға алына бастады.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимипаданың облыстық кезеңінің жеңімпаз 5 оқушысы «Бөбек» ҰҒПББСО-нда өткізілген Республикалық олимпиадада 2-ші орын алды.

Облыстың білім беру ұйымдарында 299 педагог-психолог қызмет атқарады. Олардың 28-і - жоғары білімді; 66-сы - жоғарғы және бірінші санатты, барлығы да курстан өткен.

Психолог мамандар өз жұмыстарында облыс әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №109 «Атырау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алады.

Білім беру ұйымдарында діни ахуалды жақсартуға бағытталған алдын алу жұмысын іске асыру мақсатында Басқармада 27-07-10 нөмірлі «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының желісі 1 жекеменшік колледжбен толығып, барлығы 25 ұйым құрайды, оның 18-і - мемлекеттік, 7-уі - жекеменшік.

Студенттер құрамы – 18 022  (мемлекеттік колледжде – 12 295, жекеменшік колледжде – 5727).

Қабылдау - 5 731 (мемлекеттік колледжде – 3941, жекеменшік колледжде - 1790)

Бітіргендер – 4 563 студент (мемлекеттік колледжде – 4066, жекеменшік колледжде -1425 ).

Жұмыспен қамтылғандар - 2678 (мемлекеттік колледжде – 1958, жекеменшік колледжде – 720).

24 оқу орны Интернетке қосылған, оның ішінде кең жолақты Интернетке қосылғаны – 15 оқу орны.

2015 жылы 687 инженер-педагог кадр біліктілігін арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 15-сі шетелде (Германия, Сингапур, Түркия, Ресей) біліктіліктерін арттырды. 171 инженер-педагог пен өндірістік оқыту шебері кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.

Аграрлы-техникалық және политехникалық колледжлерінде екі мамандық бойынша оқу бағдарламалары мемлекеттік институционалды аккредиттеуден өтті.

Оқу орындарында дуалдық жүйені енгізу бойынша кәсіпорындармен 48 келісім-шарт жасалып, 15 оқу орнында дуалдық оқыту жүйесінің элементтері енгізілді.

2015 жылы 28 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізілді.

 


 

 2013 жылдың 1 қазанындағы есептілік  мәлімет бойынша

Облыс бойынша 127 балабақша, 289 мектепке дейінгі шағын орталық, 195 мектеп, 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, 3 арнайы түзету білім беру, 29 қосымша білім беру ұйымы, 1 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу облыстық орталығы жұмыс жасайды.

Облыста 2013-2014 оқу жылы басына 10450 педагог жұмыс жасайды. Олардың жоғары білімдісі – 9283 (88,8)%, орта арнаулы кәсіптік білімдісі - 956 (9,1%), жоғары санаттысы – 1454 (13,9%), бірінші санаттысы – 3634 (34,7%) құрайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инженер-педагог қызметкерлердің саны – 1349, оның ішінде жоғары білімді – 1082, орта кәсіптік – 228; санаттары бойынша: жоғарғы – 221, бірінші санатты – 239, екінші санатты – 431.

 

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Бүгінгі күні облыс бойынша 127 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 12 жекеменшік балабақша, 289 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды.

Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту:

-      1-6 жас аралығында – 51,2 %

-      3-6 жас аралығында – 78,5 %

Ата-аналар үшін 72 консультациялық пункт ашылып, жұмыс жасайды.  

 

Жалпы орта білім беру

Облыста 195 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 168 орта (оның 5-уі – дарынды балаларға арналған облыстық мектеп), 14 негізгі, 13 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 57-сі қала мектебі, 138 – ауыл мектебі; 136-сы – қазақ тілінде, 54-і - қазақ және орыс тілдерінде, 5-уі орыс тілінде білім береді.

Оқушылар контингенті – 96046. 

Бірінші сыныпқа 11360 бала қабылданды.

Облыста 1 жекеменшік мектепте 171 оқушы білім алады.

2013 жылы жалпы білім беретін мектепті бітірушілер саны – 5040, ҰБТ-ға қатысқандар – 4085, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері – 68, «Үздік аттестат» иегерлері – 58. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа ұпай – 74,1.  

23 оқушы - халықаралық, 15 оқушы - республикалық олимпиадалардың, 17 оқушы ғылыми жобалар сайысының жүлдегері атанды.

Мектептерде 114 физика, 117 химия және 148 биология кабинеті бар. Бұдан басқа облыста 151 лингофон-мультимедиялық кабинет бар, оның барлығында да интерактивті тақта орнатылған.

Бір компьютерге шаққанда 8 баладан келеді (2012 ж. - 14 баладан).

Интернетке облыста 186 мектеп (95,4 %), оның ішінде 164-і (88%) мектеп кеңжолақты интернетке қосылған.

Облыста «е-learning» электронды оқыту жүйесіне 54 оқу орны (мектеп және колледж) қосылған.

Инновациялық жұмыстардың бір түрі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң тәжірибесін тарату мақсатында Атырау қаласы №16, 31 орта мектептері базалық мектеп болып белгіленіп, жұмысын бастады.

Облыста 3 арнайы түзеу ұйымында – 268 бала қамтылған. 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Атырау қаласында - облыстық және қалалық), барлық аудан орталықтарында 7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және 1 облыстық балалар денсаулығын оңалту орталығы қызмет жасайды.

Облыстағы Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға арналған С.Қазыбаев атындағы атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық балалар үйінде (106), Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында (42) 148 бала тәрбиеленуде.

Облыста бүгінгі күні 29 қосымша білім беру ұйымы бар: 20 балалар музыка мектебі, 1 жас натуралистер стансасы, 2 оқушылар үйі, 4 өнер мектебі, 1 жас техниктер стансасы, 1 мектептен тыс жұмыстар орталығы. Бұл ұйымдардың жұмысымен облыстың барлық оқушыларының тек 8,6%-ы ғана қамтылып отыр. 

Бүгінгі күні 42048 бастауыш сынып оқушылары түгел және 9993 аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

2013 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ісімен 18 мемлекеттік, 6 жекеменшік оқу орны айналысты. Оқу орнының қаржы-техникалық жағдайына байланысты 1 жекеменшік колледж жабылды. 2013-2014 оқу жылынан бастап жекеменшік Атырау көпсалалы «Болашақ» колледжі ашылып, жұмысын бастады.

Студенттер құрамы – 18 476  (мемлекеттік колледжде – 13 321, жекеменшік колледжде – 5155).

Қабылдау - 5 195 (мемлекеттік колледжде – 3937 , жекеменшік колледжде - 1258)

Бітіргендер – 4 586  студент (мемлекеттік колледжде – 3230, жекеменшік колледжде -1356 ).

Жұмыспен қамтылғандар - 2543 (мемлекеттік колледжде – 1893, жекеменшік колледжде – 650

24 оқу орны Интернетке қосылған, оның ішінде кең жолақты Интернетке қосылғаны – 15 оқу орны.

2013 жылы 771 инженер-педагог кадр біліктілігін арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 17-сі шетелде (Германия, Сингапур, Түркия, Ресей) біліктіліктерін арттырды. 171 инженер-педагог пен өндірістік оқыту шебері кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.

Аграрлы-техникалық және политехникалық колледжінде екі мамандық бойынша оқу бағдарламалары мемлекеттік институционалды аккредитациядан өтті.

Оқу орындарында дуальдық жүйені енгізу бойынша кәсіпорындармен 25 келісім-шарт жасалып, 5 оқу орнында дуалдық оқыту жүйесінің элементтері енгізілді.


Мақаланың шыққан күні:: 22.06.2016 15:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.03.2017 05:26