Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Отаншылдық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады» деген. Сондықтан, елін, жерін қастерлейтін, өз елінің патриот азаматы мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауы керек. Жыл сайын маусым айында ауданымызда Рәміздер күні салтанатты түрде атап өтіледі. Шара аясында әртүрлі сайыстар мен фото стенділер жасақталады.

Ауданда өтетін барлық спорттық жарыстардың ашылу салтанаты мемлекеттік гимнмен басталады. Сонымен қатар, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балаларына мемлекеттік рәміздерімізді білуді талап етіледі. Өйткені, біздің басты мақсатымыз - жасұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, парасаттылыққа, республикамыздың рәміздерін қастерлеуге, туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу болып табылады.

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы болар жастардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және жастарды бабаларымыздың аманаты - қасиетті Тәуелсіздікті сақтай білуге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында басқа да көптеген танымдық шаралар қолға алынуда.

Рәміздер – тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оларды қастерлей білуі қажет.


Мақаланың шыққан күні: 29.03.2019 10:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2019 10:54

Қаралым саны: 670