Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Отбасы – шағын мемлекет!

Отбасы – шағын мемлекет!Әр жанұяның өзіндік тәртібі, ұстанатын заңдылығы бар. Әсіресе, мемлекеттік қызметшінің қызмет этикасы мен тәрбиесі өз отбасынан басталатыны белгілі. Ал, балалары ата – анасының жұмыс орны мен жетістіктері, ел мүддесі жолындағы адал еңбектері, күнделікті айналысып жүрген кәсіптік қызметтерімен таныс болуы керек. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Ашық есік» күні өтті.

Шара аясында аталған мекемеге келген балалардың ең кішісі биыл бірінші сыныпқа барса, үлкені 23 жасар студент болды. Оларға метрология деген сөздің не мағына беретінінен бастап, жұмыстың қыр – сыры түсіндірілді. Ең бастысы, мұнда келген балалардың бойынан мемлекеттік рәміздерге деген құрметті, Отанға деген сүйіспеншілікті байқадық. Балалар әр затқа мән беріп, ата – аналарының жұмысына қызығушылықпен қарады.

«Рәміздерді құрметтеуді балалар балабақшадан бастайды. Мәселен, менің 23 жасар қызым кішкентай кезінде Әнұранды естісе тұра қалып, тыңдайтын. Біз оларға әр елдің міндетті түрде мемлекеттік Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны болатынын айтып өсірдік. Сондай – ақ, кез келген тауардың шығарылған күні мен сақтау мерзімі болатынын, заттың қай тұсына жазылатынына дейін айтып, көрсеттік. Баланың санасы ақпаратты жылдам қабылдайды және ешқашан оны ұмытпайды. Сондықтан, қазір олар бізден артық біледі. Тіпті кейде өзіміз ұмытып кетіп жатқан кезде есімізге салады. Бүгінгі шараның маңыздылығы да осында. Әкесінің, не анасының жұмысын көріп өскен балаға бәрі мәлім, қызметке құрметі жоғары болады» дейді департамент басшысы Салтанат Камешева.


Мақаланың шыққан күні: 23.08.2018 02:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 22:08

Қаралым саны: 1282