Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2017

Қызметтер

Мәслихат хатшысы

Аты-жөні: Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы

Лауазымы: Облыстық мәслихат хатшысы

Қабылдау күні: сәрсенбі

Қызмет телефоны: 35 45 62

ЕСКЕРТУ: қабылдауға алдын ала жазылу 611 бөлмеде жүргізіледі, тел.27 09 97, қабылдау уақыты басшымен алдын ала келісіледі.

 

Атырау облыстық маслихатының хатшысы Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы 1960 жылы дүниеге келді.

Білімі – жоғары. 1983 жылы Гурьев темір жол көлігі техникумын техник-электрик мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Маңғышлақ белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер қызметінен бастады. 1983-1989 жылдары осы дистанцияда электромеханик, аға инженер, өндіріс учаскесінің бастығы, дистанция бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1991 жылы Гурьев белгі беру және байланыс дистанциясына бастық, 1999 жылы Ақжайық Бас белгі беру және байланыс дистанциясының директоры болып тағайындалады. 2002 жылы Магистральды темір жол желісі Атырау бөлімшесінің директоры, 2007 жылы «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы магистральды теміржол желісінің бас инженері болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдар аралығында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры, 2010 жылдың сәуір айынан «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, ал сол жылдың маусым айынан 2012 жылдың 25 қаңтарына дейін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып қызмет атқарды. 2012-2016 жылдар аралығында V шақырылған Атырау облыстық маслихатының хатшысы болып сайланды.

2016 жылдың 23 наурызынан бастап VІ шақырылған Атырау облыстық маслихатының хатшысы болып сайланды.

Атырау облыстық мәслихатының ІІІ, ІV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланған.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:34
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.07.2017 10:23