Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.12.2017

Қызметтер

Мәслихат хатшысы

Мәслихат хатшысыҚызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы Бейсқали Толқын Ермекқызының Өмірбаяны

Бейсқали Толқын Ермекқызы – 1967 жылы 11 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген.

1988 жылы Гурьев педагогика институтын математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте аға тәлімгер және математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

1990-2003 жылдары Б.Аманшин атындағы орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және директоры болып қызмет атқардым.

2003 жылдан ІІІ, ІV, V шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, әрі хатшысы болып сайландым.

«Нұр Отан» партиясының мүшесімін.

Еңбек еткен жылдарында «Ерен еңбегі үшін» (2014) медалімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2012), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Парламентке 10 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдармен, Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасымен (2014), облыстық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының, облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшесі. Аудан әкімі жанындағы, партия филиалы жанындағы бірнеше комиссиялардың мүшесі. Аудандық «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңестің төрайымы.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 16:16
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.08.2016 18:13