Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.10.2017

Қызметтер

Мәслихат хатшысы

Мәслихат хатшысыКенғанов Мұхтар Мұрынбайұлы-1964 жылы 19 тамызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 

Білімі жоғары. АИГИ-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша академиялық дәрежедегі бакалавры. Халықаралық Еңбек Академиясын-заңгер, Астрахань электр байланыс техникумын «электр байланыс технигі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын орта мектеп бітіргесін 1981 жылы Ембі электр жүйесі кәсіпорнында электромонтер болып бастаған.

1982-1984 жж. Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.

1984-1985 жж. Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында дизелист болып еңбек еткен.

1985-1992 жж. Прикаспий өндірістік техникалық байланыс басқармасына қарасты №5 Құлсары байланыс цехында (электромонтер, электромеханик, 2 категориялы байланыс инженері) қызметтерін атқарды.

1992-1999 жылдар аралығында «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамының өндірістік техникалық байланыс басқармасында (инженер, жетекші инженер, №2 «Теңіз» байланыс цех бастығы, басқарма бастығының орынбасары) лауазымдарында еңбек жолын жалғастырды.

1999-2003 жж. аралығында «Теңізстройсервис» ЖШС-де бас энергетик міндетін атқарды.

2003-2004 жж. «Қазақтелеком» ААҚ Мақат аудандық телекоммуникация торабының директоры болып қызмет атқарды.

2004-2006 жж. Құлсары қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.

2006-2007 жылдары «Қазақтелеком» АҚ АОТД Теңіз сервис орталығының бастығы, Жылыой аудандық телекоммуникация торабының директорының міндетін атқарушы, Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының пайдалану бөлімінің бастығы, «Нұр Отан» ХДП Жылыой аудандық-филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарған. 2007 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы міндетін атқаруда.

Жылыой аудандық мәслихатының 4,5,6 шақырылымының депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 17:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 18:50