Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.06.2017

Қызметтер

Мәслихат хатшысы

Аудандық мәслихат хатшысы
Сапаров Бағдат Шамұратұлы

1963 жылы 25 қыркүйекте Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол (Кулагино) селосында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Мамандығы-орман шаруашылығы инженері, заңгер.

1987 жылдан Индер орман шаруашылығында орман бөлімшесі бастығының көмекшісі, орман шебері, орман бөлімшесінің басшысы, бас орманшы, директордың орынбасары, 1993 жылдан Индер орман шаруашылығының директоры, 2003 жылдан Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры қызметін атқарды. Индер аудандық Мәслихатының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарында депутаты болып сайланып, оның экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, ал 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап күні бүгінге дейін Индер аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді.

Б.Сапаров Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, «Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР-сы Кәсіподақтар ұйымының I-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен, Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, облыстық Мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған.


Мақаланың шыққан күні:: 26.08.2016 16:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.08.2016 16:46