Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

Сана оянбай жемқорлық жойылмайды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, аталмыш дертке қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Әйтсе де, парақорлықпен құқық қорғау органдары қанша күрессе де, оның азаймай тұрғанын күнделікті теледидар мен газеттерден көріп отырмыз. Оны жою үшін бірінші пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын анықтап, қоғам болып күрескен абзал. Ол үшін елімізде пара беру де, пара алу да қылмыс екенін сезінетіндей қоғамдық сана қалыптасуы тиіс.

Бұл орайда, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі – азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары қара қылды қақ жарып, заң аясында шара қолданатын болады. Қорыта айтқанда, аталмыш дертпен ұлт болып күрессек қана еліміз қарыштап дамып, мақсат еткен еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына кірері анық. Осы тұрғыда, Қызылқоға аудандық жер қатынастары бөлімінде арнайы сенім телефоны орнатылып, шаруагерлерге уақытша өтеулі (жалға алу) жер беру конкурс арқылы жариялы түрде өтеді. Демек, бұл ретте ешқандай сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2018 02:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2018 02:07

Қаралым саны: 1005