Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Сафонов ауылдық округ әкім аппараты

Аппарат акима Сафоновского сельского округа

Сафон ауылдық округінің әкімі

САТЫЛГАНОВ ЕСЕНБЕК ИСАТАЙҰЛЫ

Сатылганов Есенбек Исатайұлы 18 мамыр 1978 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Сафоновка селосында ұстаздар отбасында дүниеге келді.

1985 жылы Ф.Энгельс атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1995 жылы мектепті «Үздік» аттестатпен бітірді.

Сол жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің экономика факультетіне, «Құқық және экономика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы «Үздік» дипломмен аяқтады.

Сонымен қоса Мәскеу Ашық Аумақтық Университетінің жанынан «Компьютер және жаңа ақпарат технологиялары» мамандығы бойынша арнайы курстан өтіп, сертификатын алды.

2000 жылы жоғары оқу орнын аяқтағаннан соң Ф.Энгельс орта мектебіне информатика және экономика пәндері бойынша мұғалім болып қызметке кірісті.

2002 жылы мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланып, 2003 жылдың тамыз айына дейін жұмыс жасады.

2003 жылдың тамыз айынан бастап 2006 жылдың 1 наурызына дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2006 жылдың 1 наурыздан бастап 2013 жылдың 26 наурызға дейін Сафон селолық округінің әкімі лауазымын атқарды.

2013 жылдың 26 наурызынан бастап 9 тамызға дейін Бірлік селолық округінің әкімі болып қызметін атқарды.

2013 жылдың 6 тамызында өткен ауыл әкімдерінің сайлауында Сафон ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

«Нұр-Отан» партиясының мүшесі, «Сафон» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып қызмет атқарады.

Сафон ауылы аудан орталығынан 35 км қашықтықта орналасқан, Сафон ауылдық округі бойынша халық саны 1840 адам.

Округ көлемі 16 га. Қазақ, орыс, кәріс ұлт өкілдері тұрақты тұрады.

Ауылда «Каспий таңы» өндірістік кооперативі, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі, Ф.Энгельс атындағы орта мектебі, «Боташым» бөбекжай-балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды.

Ауыл тұрғындарының көпшілігі балық шаруашылығымен, орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы жұмыстарымен айналысады.

Сафон ауылы кешенді даму жоспарына сай әлеуметтік инфроқұрылымды дамытуға, экономикалық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға халықты жұмыспен қамтуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруға арналады.

Округте барлығы бір елді мекен, онда 363 үй бар. Округ аумағы 16,5 га, ауыл шаруашылық алқабы - 29 га.

Сафон ауылдық округі бойынша халық саны - 1840, оның ішінде ер адамдар - 895, әйелдер - 945, зейнеткерлер-153, мүгедектер-62, 18-29 жас аралығындағы жастар-345, мектепте оқитындар - 358 оқушы, жұмыс жасайтыны - 888, өзін-өзі еңбекпен қамтып отырғандар -50, жұмыссыздар -50.

Округ бойынша ауыл тұрғындарында ірі мүйізді қара - 1046, жылқы-470, қой-244, ешкі-78.

Шаруа қожалықтарындағы мал басы: ірі мүйізді қара-765, жылқы -575, қой - 822, ешкі - 165, түйе - 16.

Ауыл тұрғындары егін шаруашылығымен айналысады, атап айтқанда 21 га жерге, шаруа қожалықтары -40 га жерге егін егіп, баптауда.

 


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 18:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.07.2017 09:26