Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНЫҚТАМА

Атырау қаласы 02.07.2018ж.

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу үшін округ әкімінің 2019 жылғы 01 шілдедегі №58-ө өкімімен жұмыс тобы бекітіліп, 01-02 шілде аралығында жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты:

-бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді.

Қорытынды:

-2019жылдың 03 қаңтары – 01 шілдесі аралығында округ әкімімен 154 нормативтік-құқықтық актілер (97 шешім, 57 өкім) қабылданған. Нормативтік-құқтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлардың ауысуын талдау бойынша:

-округ әкімі аппаратында бекітілген штат кестесі бойынша 7 мемлекеттік қызметші еңбек етеді (әкім, орынбасар, 5 бас маман). 2018 жыл бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ.

-мүдделер қақтығысы орын алмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің сегіз түрін көрсетеді.

-округ әкімі аппаратындағы 2019 жылдың I жартыжылдығында 5 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, стандартқа сай мерзімінде жауап берілген.

-ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне және Атырау облысы бойынша интернет-ресурсқа жарияланды.

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан-146, заңды тұлғалардан-4 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

-2019 жылдың 29 сәуір айында Атырау қалалық сотының судьсы А.С.Серикованың №2310-19-00-2/5279 іске қатысты шешімі қабылданып, талап қоюшы А.Байлауованың жер учаскесіне пайдалану құқығының мерзімін ұзарту туралы бөлігін шешім 2019 жылдың 04 маусымында күшіне енуіне байланысты қалалық жер қатынастары бөліміне орындау үшін жолданды.

Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Кеңөзек ауылдық

округінің әкімі Е.Өтешқалиев


Мақаланың шыққан күні: 05.07.2019 10:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.07.2019 10:53

Қаралым саны: 581