Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНЫҚТАМА

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу үшін округ әкімінің 2018 жылғы 21 маусымындағы №31-ө өкімімен жұмыс тобы бекітіліп, 21-22 маусым аралығында жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты:

-бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді. Құрамы:

Ү.Есенғалиева – жұмыс тобының төрайымы, округ әкімінің орынбасары;

М.Танжарикова – жұмыс тобының мүшесі, аулдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

К.Әбілова – жұмыс тобының мүшесі, аулдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

Қорытынды:

-2018жылдың 3 қаңтар - 22маусым аралығында округ әкімімен 121 нормативтік-құқықтық актілер (90 шешім, 31 өкім)

қабылданған. Нормативтік-құқтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлардың ауысуын талдау бойынша:

-округ әкімі аппаратында бекітілген штат кестесі бойынша 7 мемлекеттік қызметші еңбек етеді (әкім, орынбасар, 5 бас маман). 2018 жыл бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ.

-мүдделер қақтығысы орын алмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді: елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту және жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама беру.

 -округ әкімі аппаратындағы 2018 жылдың I жартыжылдығында 3 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, стандартқа сай мерзімінде жауап берілген.

-ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне және Атырау облысы бойынша интернет-ресурсқа жарияланды.

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан-104, заңды тұлғалардан-13 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

«Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес 2018 жылдың I жартыжылдығында округ әкімі аппаратында Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат жинаған 10 отбасыға зерделеу актісі жасалды. Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Кеңөзек ауылдық округі әкімінің

міндетін атқарушы Е.Өтешқалиев


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 02:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 02:19

Қаралым саны: 1863