Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНЫҚТАМА

Атырау қаласы                                                                                                                                                     27.12.2017ж.

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу үшін округ әкімінің 2017 жылғы 14 маусымындағы №30-ө өкімімен жұмыс тобы бекітіліп, 27 желтоқсан күні жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты:

-бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді. Құрамы:

Ү.Есенғалиева – жұмыс тобының төрайымы, округ әкімінің орынбасары;

М.Танжарикова – жұмыс тобының мүшесі, аулдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

К.Әбілова – жұмыс тобының мүшесі, аулдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

Қорытынды:

-2017жылдың 3 шілде -27 желтоқсан аралығында округ әкімімен 222 нормативтік-құқықтық актілер (193 шешім, 29 өкім ) қабылданған. Нормативтік-құқтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлардың ауысуын талдау бойынша:

-округ әкімі аппаратында бекітілген штат кестесі бойынша 7 мемлекеттік қызметші еңбек етеді (әкім, орынбасар, 5 бас маман). 2017 жыл бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ.

-мүдделер қақтығысы орын алмаған.

-округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2017 жылдың II жартыжылдығында 15 өтініш түсіп, мерзімінде өтініш иелеріне жауап берілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді: елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту және жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама беру. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №270 бұйрығына сай өтініш қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ немесе www.egov.kz «электрондық үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады делінген. Алайда округ әкімі аппараты бойынша жер

учаскесінің көлемін ұлғайтуды сұраған 1 өтініш қабылданды. Өтініште өтініш иесі жер телімінің көлемін ұлғайтуға жазған арызын ХҚКО-ы яғни «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ қабылдамауына байланысты деп көрсеткен. Орын алған жәйт өтініш беруші тікелей мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемеге келіп арыздануы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуда.

-ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне хабарлама жарияланды.

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан-158, заңды тұлғалардан-19 арыз түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

«Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес 2017 жылдың I жартыжылдығында округ әкімі аппаратында 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы алуға құжат жинаған 15 отбасыға зерделеу актісі жасалды. Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Кеңөзек ауылдық округінің әкімі С.Лұқпанов

 


Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017 00:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 00:26

Қаралым саны: 1200