Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.04.2018

Қызметтер

Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНЫҚТАМА

Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу үшін округ әкімінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы №6-ө өкімімен жұмыс тобы бекітіліп, 14-15 маусым күндері жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты:

-бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді. Құрамы:

Ш.Муслимов – жұмыс тобының төрайымы, округ әкімінің орынбасары;

Б.Тұрмұхан – жұмыс тобының мүшесі, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

Р.Бисенова – жұмыс тобының мүшесі, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

Қорытынды:

-2017жылдың 5 қаңтар-30 маусым аралығында округ әкімімен 259 нормативтік-құқықтық актілер ( 215 шешім, 44 өкім ) қабылданған. Нормативтік- құқтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлардың ауысуын талдау бойынша:

-округ әкімі аппаратында бекітілген штат кестесі бойынша 8 мемлекеттік қызметші еңбек етеді (округ әкімі, әкім орынбасары, 4 бас маман, 2 жетекші маман).

-мүдделер қақтығысы орын алмаған.

-округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2017 жылдың I жартыжылдығында 251 өтініш түсіп, мерзімінде өтініш иелеріне жауап берілген.

-ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне хабарлама жарияланды.

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан-248, заңды тұлғалардан-3 арыз түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша

хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

«Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес 2017 жылдың I жартыжылдығында округ әкімі аппаратында Өрлеу бағдарламасы бойынша 9 отбасы құжаттарын тапсырды. Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Ақсай ауылдық округі әкімінің

уақытша міндетін атқарушы С.Қазиев


Мақаланың шыққан күні:: 26.10.2017 01:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.10.2017 01:18