Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.08.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына жүргізілген ішкі талдау туралы АНЫҚТАМА

1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі-«Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын» басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі №242 бұйрығымен бекітілген жұмысшы тобы бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мақсатында төмендегідей тармақтар бойынша талдау жүргізді:

1)Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2)Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша;

Бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228- V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195  «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;

«Қызылқоға аудандықмәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.  

Бөлімде 2019 жылдың 12 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.

2019 жылдың 12 айындағы жағдай бойынша бөлімге мемлекеттік қызмет алу үшін жеке тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

Бөлімге жеке тұлғалардан 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында материалдар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.      

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

 

Бас маман  А.Ақтаев

Кәсіподақ төрайымы  Н.Жексенғалиева

Заңгер  Т.Жұмабаева


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 17:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 17:52

Қаралым саны: 252