Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

«Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және Атырау қаласы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 13 маусымдағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сай «Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағытта жүргізілді:

1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында

1) Персоналды басқару қызметіне талдау жасалды.

Атырау қаласы әкімі аппаратында барлығы 31 қызметкер бар, 1 бос лауазым орны бар. 2018 жылдың алты айында мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде жоғарылау және жалпы конкурс арқылы мемлекеттік қызметке қабылдау, командалық қозғалыс орын алмаған. Таза ауысыммен 1 мемлекеттік қызметші жұмыстан шыққан. Қызметкерлердің лауазымын төмендету орын алмаған.

2018 жылдың өткен мерзімінде 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметіне талдау жасалды.

Аппарат мемлекеттік қызмет көрсетпесе де қалалық әкімдікке қарасты барлық мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін қызметтерге мониторинг жасап, бақылау жүргізеді. Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімі қалалық дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін мелмекеттік қызметтердің уақытылы және мерзімінде көрсетілуін, қызмет көрсету стандарттарына сәйкес рәсімделуін қадағалайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, облыс әкімі аппаратымен тығыз байланыста жұмыс жасалуда.

Аппарат қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне себеп болатын келесі жағдайлар анықталды:

1. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЖК) 50-бабына сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар және бағбандық, саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар мөлшерде тегін беріледі.

Қазіргі уақытта азаматтарға өзiндiк қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бағбандық, саяжай құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру аталған мақсаттағы жер учаскелеріне түгендеу (инвентаризация) жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша тоқтатылған.

Мысалы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық арнайы есепке тіркелген соң, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, тиісті кезектілік бойынша беріледі және жеке меншікке беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларының 25-тармағында бұрын уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке алу үшін тиісті өтініш берілетіні және өтінішке жеке куәліктің көшірмесін, жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу актісін және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса беретіндігі көрсетілген. Яғни, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің игерілгендігі дегеніміз – бұл аяқталған тұрғын үй құрылысының салынуы.

Ал, азаматтардың өзiндiк қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бағбандық, саяжай құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштерінің арнайы есебі де, берудің нақты белгіленген тәртібі де жоқ.

ҚР ЖК-нің 50-бабында өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі деп көрсетілген.

Алайда, жер учаскесін аталған мақсатта игерілді деп тану үшін (жер пайдаланушы қандай іс-әрекеттер жасауы қажет) қандай талаптарға сәйкес болуы керектігі көрсетілмеген.

Сонымен қатар, Жер Кодексінде бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін жеке меншікке беру тәртібі мүлдем қарастырылмаған.

Сондықтан, азаматтардың аталған мақсаттарға арналған жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы өтініштерін қарау барысында жергілікті атқарушы органдарға тиісті шешім қабылдауға қиындық тудыруда.

Көрсетілген жер заңнамаларындағы олқылықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырту мүмкіндігін жоғарылатады.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзiндiк қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бағбандық, саяжай құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық берудің нақты шарттары мен тәртібі және оны игерудің шарттары нақты көрсетілген нормамен толықтыру қажеттігі туындап отыр.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 8-тармағының 8-тармақшасында жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған жағдайда есепке қою үшін азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынатындығы көрсетілген.

Алайда, 2013 жылғы 11 наурызда ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департамент тарапынан ғимараттар мен ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін аттестатталған эксперттердің тізімін жолдады. Осы тізім алынғаннан кейін Департамент анықтама беруін тоқтатты.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы Заңының 34-4 бабының 5 тармағына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс екендігі көрсетілген.

Жоғарыда аталған заң нормаларындағы қайшылық жергілікті атқарушы органдардың бірқалыпты жұмыс істеуіне кедергі туындатуда.

Осыған орай, жоғары тұрған уәкілетті органға аталған нормалардағы қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізу қажеттігі туындап отыр

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзiндiк қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бағбандық, саяжай құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық берудің нақты шарттары мен тәртібі және оны игерудің шарттары нақты көрсетілген нормамен толықтыру жөнінде жоғары тұрған құзырлы органға ұсыныс енгізу.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою

қағидаларының 8-тармағының 8-тармақшасы мен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы Заңының 34-4 бабының 5 тармағындағы қайшылықтарды жою жөнінде жоғары тұрған құзырлы органға ұсыныс енгізу.

 

Атырау қаласы әкімі

аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Ибатоллаұлы

КЕЛІСІЛДІ:

Атырау қаласы әкімі

аппараты басшысының міндетін атқарушы М.Нургалиева


Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 02:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.08.2018 16:36

Қаралым саны: 1473