Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

«Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналыық коммуналдық кәсіпорнындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

1. Анықтаманың жасалған күні,уақыты және орны: 22.01.2020 жыл сағат11.00. Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.

2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы,Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.

4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі,аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Есенғали Асқар Ғиниатоллаұлы – кәсіпорын директоры; Бақтыбаева Жайнагүл Абатқызы- кәсіпорын есепшісі; Жұмағали Есбол Жәрдемғалиұлы – Жантерек елді мекені клубының меңгерушісі; Досбосын Бақтыбай Сағынбайұлы – Соркөл елді мекені клубының меңгерушісі.

5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі,аты,әкесінің аты:

«Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, мекеме директоры Есенғали Асқар Ғиниатоллаұлы.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актілері;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

6. «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында штат саны – 6,5 бірлікті құрайды. Атап айтқанда, мекеме директоры – 1адам (1 бірлік), мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам(1 бірлік), көркемдік жетекші – 1 адам (0,5 ), техникалық қызметкер саны - 1 (0,5), есепші – 1 адам (0,5), елді мекендер клубының меңгерушілері - 3 адам (1 + 1 + 1 =3 бірлік) жұмыс жасайды

«Мұқыр ауылдық клубының» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды.

Соркөл елді мекені клубының меңгерушісі Г.Серікова мекеме басшысы А.Есенғалидың 11 қаңтар 2019 жыл №3 бұйрығымен жұмыстан босатылды.

Мекеме басшысының 11 қаңтар 2019 жылғы №4 бұйрығымен Жантерек елді мекені клубының меңгерушісі Ғ.Төлеуов өз еркімен жұмыстан босатылды.

12 ақпан 2019 жыл МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» филиалы Соркөл елді мекені клубының меңгерушісі болып Досбосын Бақтыбай Сағынбайұлы 0,5 штаттық бірлік бойынша 3 ай сынақ мерзімімен жұмысқа алынды.

Негіз : Мұқыр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы М.Есқалиевтың № 07-23/45 29.01.2019 жылғы қатынас қағазы.

18 ақпан 2019 жылы №7 бұйрықпен І.Сатығалиева Жантерек елді мекені клубының меңгерушісі болып жұмысқа алынды.

Негіз: Мұқыр ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Есқалиевтың 29.01.2019 ж.№07-23/45 санды қатынас қағазы.

2019 жылдың 1 тамыздағы өз арызы бойынша І.Сатығалиева Жантерек елді мекені клубының меңгерушісі жұмысынан босатылды.

Жұмағали Есбол Жәрдемғалиұлы 5 қыркүйек 2019 жыл бұйрық № 271 штаттық бірлік бойынша Жантерек елді мекені клубының меңгерушісі қызметіне 3 ай сынақ мерзімімен жұмысқа алынды.

Негіз: Қызылқоға ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Бекешовтың 12 тамыз №07-25/401 санды қатынас қағазы.

Мекеме басшысының 2019 жыл 19 қараша күнгі № 36 бұйрығымен Қайнар ауылдық клубының меңгерушісі А.Ержанова жұмыстан босатылды.

Мекеме басшы А.Есенғалидың 27 желтоқсан 2019 жыл № 38 бұйрығы бойынша МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» филиалы Соркөл елді мекені клубының меңгерушісі Досбосын Бақтыбай Сағынбайұлы 1 штаттық бірлік бойынша жұмысын жалғастырды.

Махамбет Сержан Керейұлы мекеме басшысының 27 желтоқсан 2019 жыл № 38 бұйрығымен МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» филиалы Қайнар ауылдық клубының меңгерушісі болып 1 штаттық бірлік бойынша 3 ай сынақ мерзімімен жұмысқа алынды.

Негіз : Мұқыр ауылдық округінің әкімі М.Есқалиевтың 26.12.2019 жыл №07-23/559 санды қатынас қағазы.

7. «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына,Үкімет қаулыларына,жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың,облыс,аудан,ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

8. «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік заңы;

9. «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

10. «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне,ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

11. «Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мекеме қызметкерлерінен шағым түспеген.

12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.

«Мұқыр ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында 6-13-70 сенім телефоны орнатылған.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы:

_______________ А.Есенғали

«____» ____________ ________

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі:

_______________ Ж.Бақтыбаева

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі:

_______________ Е.Жұмағали

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі:

_______________ Б.Досбосын


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 17:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 17:48

Қаралым саны: 235