Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 2018 жыл I-ші жартыжылдығы бойынша жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша АНЫҚТАМА

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобы атқарады.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:Қалалық бөлім, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №1412 «Атырау қалалық жұмыспен қамту, және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта атау туралы» қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген.

Бөлім өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №116 «Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» ММ-нің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Дайындалған нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Бөлім бойынша атап айтқанда 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшысымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысу, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілері анықталған жоқ, алайда лауазымынан төмендетілуі қала әкімі аппараты жанындағы тәртіптік комиссиясының 2018 жылдың 5 қаңтардағы №1 хаттамасына сәйкес елеулі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бөлім басшысының орынбасары М.Жаңбырбаев жұмыспен қамту секторының меңгерушісі лауазымына бөлімнің 2018 жылдың 9 қаңтардағы №6 бұйрығына сай төмендетілді.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша бөлімді ағымдағы жылдың ақпан айында 1 рет, сәуір айында 2 рет мамырда 1 рет Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аралығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тексеру барысында кемшіліктер анықталмады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасынан 1 тексеру, сонымен бірге Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті 1 рет тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында жіберілген кемшіліктер бойынша жауапты қызметкерлерге тиісінше тәртіптік жаза берілді. Тексеру қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет бойынша бөлім тарапынан 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Электрондық үкімет» порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы (немесе баламалы түрде) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар тақырыбы бойынша жауапты мамандардың қатысуымен қалалық бөлімде 3 семинар кеңес пен дөңгелек үстел өткізіліп мемлекеттік қызметке қатысты жан-жақты талқылау жүргізілді.

Бүгінде көрсетілетін 28 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет түрлерінің құпиясы заңмен қорғалатындықтан бөлім арқылы қабылдануы тиімді. («Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» және «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»қызметтері).

Ағымдағы жылдың 14 ақпаны, бөлім басшысы, орынбасарлары, орталық директорлары мен сектор меңгерушілерінің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтарға жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілді оған 221 адам қатысты.

2018 жыл бойынша БАҚ арқылы 9 мақала беріліп. Теледидар арқылы 4 рет, 1 рет семинар кеңес ұйымдастырылып өткізілді.

2015 жылдың 28 қазанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №369-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек» тағайындау.

Аз қамтылған отбасыларына жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмекке Атырау қаласы бойынша құжаттар қабылдау 2018 жылдың 01 қаңтарынан басталып, ағымдағы жылдың 1 маусымына 543 отбасы 2833 алушыға, оның ішінде 373 отбасы 2076 алушыға шартты түрде және 170 отбасы 765 алушыға шарттыз ақшалай көмек тағайындалды. Бүгінгі күні шартты ақшалай көмек алушылар ішіндегі 131 еңбекке қабілетті азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты, атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 73 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа-28 адам, кәсіби қайта даярлауға 30 адам жіберілді.

Жаңа нұсқадағы әлеуметтік көмекті енгізудің басты мақсаты-атаулы әлеуметтік көмек қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырады. Жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларының немесе азаматтардың әлеуметтік жағдайына байланысты шарттсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Яғни, 2018 жылдың II-тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындату үшін аз қамтылған отбасыларының жан басына шаққандағы табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің (25438теңге)50%-нан (12719) аспаған жағдайда айырма түрінде әр отбасы мүшесіне тағайындалады.

Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда шарт-жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы.

Осы мақсатта,, әлеуметтік қызметтер мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік келісім шарт жасалады. Әлеуметтік келісім шарт 6 айға қол қойылады және оны тағы 6 айға дейін создыру мүмкіндігі беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында-қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету, қызметті берушімен қызметті алушының өзара тікелей байланыста болуы, ақпараттық жүйелер пайдалану, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты т.б. фактілер анықталған жоқ. Бөлімде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін 2017 жылдың 18 қазанындағы №90 бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

Бөлім басшысы Н.Хабиева


Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018 06:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 06:41

Қаралым саны: 1177