Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде және бөлімге қарасты орталықтарға 2019 жылға жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша АНЫҚТАМА

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен құрылған жұмысшы тобы жұмыс атқарады.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді: Қалалық бөлім, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы

13 тамыздағы №1412 «Атырау қалалық жұмыспен қамту, және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта атау туралы» қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 01 қыркүйегінде тіркелген.

Бөлім өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №116 «Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» ММ-нің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Дайындалған нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығы негізінде бөлімге қарасты екі орталыққа

2019 жыл бойынша тексерулер жүргізілу нәтижесінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің бөлім басшысымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілері анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:29

Қаралым саны: 223