Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 2017 жыл қорытындысы бойынша жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша АНЫҚТАМА

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:Қалалық бөлім, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №1412 «Атырау қалалық жұмыспен қамту, және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта атау туралы» қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 01 қыркүйегінде тіркелген.

Бөлім өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №116 «Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» ММ-нің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Дайындалған нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Бөлім бойынша атап айтқанда 2017 жыл ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшысымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысу, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілері анықталған жоқ, алайда лауазымынан төмендетілуі бөлімнің әлеуметтік төлем секторының меңгерушісі А.Лукпанова бас маман м.а. болып 2017 жылдың 05 маусымдағы №101 бұйрығына сәйкес төмендетілді , сонымен бірге 2017 жылдың 14 желтоқсанында қала әкімі жанындағы тәртіптік комиссия шешіміне сәйкес жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Г.Турашева атқарып отырған лауазымынан бас маман лауазымына 2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап төмендетілді /бұйрық №271 26 желтоқсан 2017 ж/.

2017 жыл бойынша бөлімді Атырау облыстық прокуратура тарапынан 1 тексеру 2017 жылдың 03 сәуірі мен 24 сәуірі аралығына, Атырау облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2017 жылдың 02 тамызы мен 28 тамызы аралығына және 04.07.2017, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2017 жылдың 24 шілдесі мен 04 қыркүйек аралығына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында жіберілген кемшіліктер бойынша жауапты қызметкерлерге тиісінше тәртіптік жаза берілді. Тексеру қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Есеп беру және есеп жүргізу секторы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша 1 тексеру жүргізілді алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет бойынша бөлім тарапынан 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Электрондық үкімет» порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы (немесе баламалы түрде) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар тақырыбы бойынша жауапты мамандардың қатысуымен қалалық бөлімде 3 семинар кеңес пен дөңгелек үстел өткізіліп мемлекеттік қызметке қатысты жан-жақты талқылау жүргізілді.

Бүгінде көрсетілетін 28 мемлекеттік қызмет түрлерінің ішінде 10 (он) мемлекеттік қызмет түрлері стандартқа сәйкес жергілікті атқару органдары (ЖАО) арқылы көрсетіледі. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет түрлерінің құпиясы заңмен қорғалатындықтан бөлім арқылы қабылдануы тиімді. («Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» және «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»қызметтері).

Ал төменде 8 (сегіз) қызмет түрлерін Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) көрсету үшін стандартқа өзгеріс енгізуге ұсыныс береміз:

1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу;

2. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

4. Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

5. Мүгедектерді санаторилік-курорттық емдермен қамтамасыз ету;

6. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;

7. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;

8. Жергілікті өкілетті органдармен шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; Алайда осы мәселе шешімін тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында аталған қызмет түрлерін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы

КЕ АҚ Атырау облысы филиалы арқылы қабылдауға қала әкімі аппаратына ұсыныс хат жолданды.

Болашақта баламалы түрде көрсетілетін қызметтердің ішінде жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап ХҚКО арқылы қабылданбай тікелей қалалық жұмыспен қамту орталығы «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілуде. Аталған жұмыстар бойынша түсіндірме жұмыстары мен жергілікті БАҚ арқылы жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 14 ақпаны, 28 наурызы және 12 қазанында бөлім басшысы, орынбасарлары, орталық директорлары мен сектор меңгерушілерінің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтарға жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілді оған 221 адам қатысты.

2017 жыл бойынша БАҚ арқылы 8 мақала беріліп. Теледидар арқылы 14 рет, 1 рет семинар кеңес ұйымдастырылып өткізілді.

2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу»жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №52 қаулысы бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан өкілдік ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш білдірген айдың алдыңғы үш айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы аясында қарастырылады.

Бүгінгі күні «Өрлеу» жобасы бойынша 6 ассистент, 2 кеңесші жұмыс жасауда. 2017 жылдың қазан айына дейін 281 отбасымен сұхбат жүргізіліп оның «Өрлеу» жобасына қатысушы 127 отбасы 727 алушының еңбекке қабілетті жұмыссыздар саны 117 оның тұрақты жұмысқа орналасқандары- 93, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандары-12 және кәсіби оқуға жолданғандары -9, ал қалған 3 жұмыссызды жұмыссызды жұмыспен қамту шараларына тарту үшін жасалуда.

1.2015 жылдың 19 маусымында №281 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың шешімі қабылданып, 2015 жылдың шілде айынан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасы қолданысқа енгізіліп бүгінде осы жоба бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Айта кету керек

2. «Болашақ» үкіметтік емес ұйым арқылы 100 мүгедекке арнайы әлеуметтік көмек қызметін алуда.

3.«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес:

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша «Қайтыс болуды тіркеу» мерзімі 1 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында-қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету, қызметті берушімен қызметті алушының өзара тікелей байланыста болуы, ақпараттық жүйелер пайдалану, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты т.б. фактілер анықталған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін 2017 жылдың 18 қазанындағы №90 бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.01.2018 23:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2018 23:18

Қаралым саны: 1712