Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Атырау қаласы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатырған шаралар бойынша АНЫҚТАМА

Атырау қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Қалалық әкімдікпен мемлекеттік қызметтің 85 түрі көрсетіледі. 2016 жылы барлығы 264 616, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы 99 425, мемлекеттік корпорация арқылы 47 983, «электронды үкімет» порталы және электрондық ақпараттық жүйелер арқылы 117 208 қызмет көрсетілген, ал 2017 жылы барлығы 128 398, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы 70 127, мемлекеттік корпорация арқылы 45 392, «электронды үкімет» порталы және электрондық ақпараттық жүйелер арқылы 12 879 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 31 маман біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, сертификат алды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттандыру бойынша 849 адамды қамтитын 94 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.

Атырау қаласы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде 2015-2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясының негізінде бірқатар шаралар атқарылуда.

www.Atyrau.gov.kz сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Атырау қаласы әкімдігінің қызметі туралы арнайы тараулар жұмыс істейді.

Атырау қаласы әкімдігімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жылына екі рет ішкі талдау жүргізіліп отырады.

Лауазымды тұлғалар заңсыз іс-әрекеттерге, құқық бұзушылықтарға, қылмыс пен тәртіптік теріс қылық көрсетуіне жол бермеу мақсатында Атырау қаласының әкімдігінде қала әкімі аппараты мен дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен үнемі құқықтық оқыту жұмыстары өткізіліп отырады. 2016 жылы 12, 2017 жылы 11, ал 2018 жылы 4 құқықтық оқыту өткізілді.

Азаматтардың арнайы есепке қойылған жеке тұрғын үй құрылысы үшін сұралған өтініштерін электронды түрге айналдыру мақсатында «ИНТЕГРО» базасы жасақталып, осы мақсатта жергілікті бюджеттен 4 000 000 теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, бүгінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебі электрондық түрге толық ауыстырылып, азаматтар кезегін egov.kz жүйесі арқылы біле алады. Сондай-ақ, мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаждарға тұрғын үй тек кезегі бойынша берілуі қатаң қадағаланады.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында хабардарлық деңгейін жоғарылату мақсатында, жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп жаднамалар, буклеттер басылып, ауылдық округ әкімдіктері және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы

халыққа таратылды және қоғамдық көліктерге, аялдамаларға жарнама ілінетін бұрыштамаларға ілініп отырады.

Атырау қаласы әкімдігі және оған қарасты барлық мемлекеттік органдардың ғимараттарында да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында тиісті жаднамалар ілінген және олар тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

2017 жылы қаланың орталық көшелер мен ауылдық округтерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында үш түрлі, 2018 жылы 9 баннер орнатылды, және олар әрдайым жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, Атырау қаласының әкімдігімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау үшін Ұлттық бюроның біріңғай нөмірі 1424 Call-орталығы көрсетілген жаднамалар мен парақшалар жасақталып халыққа таратылды.

Халықпен жұмыс жасау қызметін жетілдіру жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімінің аппараты БАҚ-да сөз сөйлеулерін және түрлі ақпараттар мен хабарландыруларын, мақалаларын жариялауды қамтамасыз етілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылып, бекітілген кестеге сәйкес, халықтың көп шоғырланатын жерлерінде айына бір рет «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты ұранымен еңбек ұжымдары және азаматтарды қабылдау жүзеге асырылып жүр.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жастар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды кешенді шаралар өткізу мақсатында 2016 жылы жергілікті бюджеттен 550 000 теңге, ал 2017 жылы 775 000 теңге бөлініп әр түрлі шаралар өткізілді, 2018 жылға 1 100 000 теңге бөлініп, кешенді шаралар ұйымдастыру жоспары жүзеге асырылмақ.

2016 жылдың 10 тамызында Атырау қаласы әкімдігінің ғимаратында «Жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық» Републикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Елдің әр аймақтарында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендету» тақырыбында қоғамдық тыңдау (дөңгелек үстел) өткізілді.

2017 жылдың 14 тамызында 2017-2018 жылдарға арналған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша медиа-жоспар бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Бұдан басқа, Атырау қаласы әкімдігінің жанында сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс атқаруда. Комиссиямен күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер, орын алып жатқан жемқорлық құқықбұзушылықтар, оның себептері мен жою амалдары қамтылып, алдын алу мен болдырмау, себептерін жою бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар беріледі.

Алдағы уақытта да аталған шаралар өз жалғасын таба бермек.


Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 05:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 05:35

Қаралым саны: 1385