Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ 2019 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Атырау ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен Атырау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №87-ө өкіміне сәйкес өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі», 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі»). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2019 жылдың ІІ жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2019 жылғы ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша 8 бірлікті құрады.

Кадрдың жұмыстан кетуі орын алған жоқ, бос орын, вакансия.

Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 18 қазандағы №2069 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Атырау қалалық атқарушы органдарының штат саны лимиттерін бекіту туралы» қаулысымен штаттық кесте 8 бірлік болып бекітілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

ІІ жартыжылдықтың аяғында Аппаратта қалалық әкімшілік қызметкерлері мекемедегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің деректеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заң нормаларын өрескел бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

4) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2019 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша Атырау ауыдық округінен адамға әскер қатарына шақырту 85 қағазы таратылды. Оның әскер қатарына 5 алынды.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы:  Д.Әбішева

                                            М.Избасаров

                                            Е.Мурсалимов


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2020 12:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2020 12:30

Қаралым саны: 211