Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

І.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының 2017 жылғы 11 қазандағы № 61 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

Сапиев Е.Ж.- Бөлімнің сектор меңгерушісі;

Жұмыс тобының мүшелері:

Бисенова Н.С.- бас есепші;

Төлеуғалиева.В.-бас маман;

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-5; азаматтық қызметшілер саны-6. Олар: 5 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 3 бас маман) мен 6 штаттан тыс қызметкер (бас есепші, статистик, хатшы, курьер, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі) барлығы 11 қызметкер жұмыс істейді.

2017 жылдың тоғыз айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы –91 бұйрық берілген.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Кадрлардың ауысуы - 4 бірлік

Бөлімдегі сектор меңгерушісі Кәдірғалиев Роман Талғатұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнына бас маман Сапиев Ержан Жолдасұлы тағайындалды.Ал бас маман Е.Ж.Сапиевтың орнына конкурс арқылы Д.Нұғыметов тағайындалды.

Бөлімдегі басшының хатшысы Айна Қабыланова жоғары оқу орынына, курьер Парасат Алтынғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылып, орындарына Қызылқоға аудан әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының №401, №418 жолдамалары негізінде Айару Сарбасбай және Алтын Тілеужанова жұмысқа қабылданды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылуда. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Осылайша, Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде құпиялылықты және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету туралы түсінік берілді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы Қ.Сәлімгереева түсінік беріп, мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүргізу мен нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету керек екендігі түсіндірілді.

Бөлімнің дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары бар металлды шкафтар 2017 жылдың 1 маусымға дейін орнатылды.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

2017 жылдың ақпан айында бөлімінің ұйымдастыруымен «Astana-Gold» Қазақстандық кәсіптік оқыту орталығының мамандарының оқытуымен «Электрондық мемлекеттік сатып алу: 2017 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толығымен шолу. Өзекті мәселелер тақырыбында барлық ұйымдарының басшылары мен есепшілері үшін арнайы түсінік беру семинары өткізілді. Бұл басқосудың мақсаты: бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстыру арқылы олардың білімін жетілдіру.

Семинарға барлық бюджет әкімгерлерінің есепшілері, оған қарасты мекемелердегі есепшілер және мемлекеттік сатып алумен айналысатын мамандар қатысты.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 1 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1)Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары;

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жеке тұлғалардан арыздар қағаз жүзінде қабылданады және қызмет қорытындысы қағаз жүзінде беріледі

2017 жылы қаңтар-қазан айларында барлығы 46 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді. Оның ішінде 15-іне қызмет көрсетуден бас тартылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар:

«Қызылқоға» аудандық қоғамдық-саяси газетіне 2017 жылғы 25 мамырдағы № 21-де «Ұлт болашағы үшін ұтымды жоба» тақырыбында мақала шықты.

Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес

жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 36 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі тексерушілік органдармен анықталды:

1) Қызылқоға ауданы прокуратурасының 2017 жылғы 15 ақпан күнгі №2-05-05-17-00131 хатымен жолданған заң бұзушылықты және оған ықпал еткен мән жайлар мен себептерді жою туралы ұсынысы негізінде бөлімнің сектор меңгерушісі Роман Кәдірғалиевқа 2017 жылғы 28 ақпандағы №10 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Бұйрық көшірмесі жалғанды)

3) Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 20 сәуір күнгі №8 нұсқамасымен аумақтық дамыту бағдарламасын уақытылы интернет ресурсқа орналастырмағаны үшін және өзінің қызметіне салғырттық танытқаны үшін бас маман Г.Сабекеноваға бөлімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №17 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Бұйрық көшірмесі жалғанды)

Ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Е.Сапиев- сектор меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі

Н.Бисенова - бөлімнің бас есепшісі, жұмыс тобының мүшесі

В.Төлеуғалиева - бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі


Мақаланың шыққан күні: 02.11.2017 07:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.11.2017 07:53

Қаралым саны: 1329