Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ АҚҚЫСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Аққыстау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 шілдедегі №89 өкімімен «Исатай ауданының Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 03.01.2019 ж. - 28.06.2019 ж. кезеңдері аралығына жүргізілді.

Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен жер туралы заңнамаға қатысты 91 шешім, (оның ішінде жеке тұлғаларға -70, заңды тұлғаларға -21) және 155 өкім (жеке құрам, негізгі қызмет бойынша) қабылданған.

Округ әкімімен қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталмады.

Бұдан басқа, округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша келесілер анықталды.

Бекітілген штаттық кесте бойынша 9 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (әкім, орынбасар, бөлім басшысы, 6 бас маман) қаралған.

Ал, жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар және персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы болмаған.

Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдардың жариялануы орын алған жоқ.

Мүдделер қақтығысы орын алмаған.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: Мемлекеттік мекеме бойынша «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары көрсетіліп келеді.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну қызметі бойынша 221 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері туралы мәліметтер округ әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық тақталарға орналастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес рұқсат беру функцияларын іске асыру мен бақылау функцияларын іске асыру ауылдық округі әкімінің құзыретін де қарастырылмаған.

Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде 105 арыздар мен өтініштер түскен, оның 99-ы жеке тұлғаға қатысты, ал 6-уы заңды тұлғаға қатысты болған. Олардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес уақытылы қаралу арқылы шешілген. Осы арыздар мен өтініштер «АЙҚЫН» бағдарламасына енгізілген.

Сондай-ақ, мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттары да электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне енгізілу арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.

«Исатай ауданының Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

Г.Боранбаев

 

А.Елеубай ұлы

Е.Укаев С.Муканбеткалиева

Р.Саменова


Мақаланың шыққан күні: 22.07.2019 18:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.07.2019 18:05

Қаралым саны: 470