Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

«АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ» 2018 ЖЫЛДЫҢ IІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің 2016 жылдың 19 қазандағы №12 бұйрығына және бөлім басшысының 2018 жылғы 16 қазандағы №43 бұйрығына сәйкес, қалалық ішкі саясат бөлімінде бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағытта жүргізілді:

1. Бөлім қызметін жүргізетін нормативтік-құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) Персоналды басқару қызметін талдау: қалалық ішкі саясат бөлімі Атырау қалалық әкімдігіне қарасты бөлім болып табылады. Бөлімде барлығы 8 штаттық орын, оның ішінде бір бос лауазым орын бар (Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 9 тамыздағы №1519 «Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1702 «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын Атырау қалалық атқарушы органдарының штат саны лимиттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, қалалық ішкі саясат бөлімінің құрылымына өзгеріс енгізіліп, бір штат (сектор меңгерушісі лауазымы) берілді). 2018 жылдың ІІ жарты жылдығында (1 қараша жағдайымен) жұмысқа қабылдау орын алған жоқ. Ауысу тәртібімен бір қызметкер жұмыстан босатылды.

2) Бақылау функцияларын іске асыру: құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған құжаттарға уақытылы жауаптар беріледі. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар тарапынан бөлімге тікелей арыз-шағымдар түскен жоқ. Бөлім қызметкерлерімен Заңға қайшы әрекеттер мен теріс іс-қимылдар, сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылу фактілері орын алған жоқ.

3) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша шығармашылық және қаржылық есептерді тиісінше тек жауапты орындаушы мен есепші маманның қабылдауы сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін екендігі анықталды. Осыған орай, бөлім басшысының бұйрығымен 2018 жылға жоспарланған лоттар тізбесіне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша аралық және қорытынды шығармашылық, қаржылық есептерді қабылдау комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. Комиссия құрамы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, бөлім қызметкерлері және қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманынан (қала әкімі аппараты басшысының келісімі бойынша) тұрады.

Сонымен қатар, жергілікті газет беттеріне бөлімнің сенім телефоны 8 (7122) 308923 жарияланды. Әр аптаның бейсенбі күні сағат 15.00 – 17.00 аралығында азаматтарды жеке мәселемен қабылдау алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Байланыс телефондары: 8 (7122) 30 89 23; 8 (7122) 32 68 31; 8 (7122) 27 10 28.

 

 

Атырау қалалық ішкі саясат

бөлімінің басшысы

Г.Мендакулова


Мақаланың шыққан күні: 02.11.2018 12:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.11.2018 12:04

Қаралым саны: 1029