Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

«ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2019 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДАЛАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 2 шілдедегі №6 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: «Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. Бөлім жұмыс барысында келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Кәсіпкерлік кодексі»;

- ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы қаулысы

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы,

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы13 наурыздағы № 113 қаулысы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы;

- Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «11» желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»,

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен бекітілген егін және мал шаруашылығы саласын дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар қағидалары, техникалық инспекция қызметін жүргізу қағидалары, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы– аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №333 «Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Исатай аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен «Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысына екі бөлім қосылып, бұрынғы Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы және бас маманы жаңадан құрылған бөлімге қайта тағайындалды.

Бөлімде 4 бірлік штатта 1 басшы және 3 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Қазіргі таңда лауазымдар орны толық.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - Техникалық инспекция саласында 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді:

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу);

4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

Жыл басынан бері осы қызметтер бойынша түскен өтініштер саны – 43.

Оның ішінде:

1. Тракторлар мен арнайы техникалар жүргізуші куәлігін алу – 12 .

2. Тракторлар мен арнайы техникалардың кепілін тіркеу – 2.

3. Тракторлар мен арнайы техникаларға нөмірлік белгі беру – 10.

4. Тракторлар мен арнайы техникаларды техникалық байқаудан өткізу -19.

Осы қызметтер ішінен 3 (үш) қызмет е-лицензиялау электронды порталы арқылы, 1 (бір) қызмет бөлім арқылы көрсетіледі.

Қызмет алушы мен қызмет беруші арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туындауының алдын алу мақсатында құжаттар қабылдау арнайы кеңсе қызметкері арқылы жүргізіліп келеді. Қызмет алушы үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері стендісі жасақталған. Сондай-ақ, өтінімдер үлгісі көрсетілген арнайы бұрыш жасалып, барлық тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бөлімде қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарының алдын алу мақсатында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықтар мен стандарт талаптарын, қызмет көрсету мерзімдерін қатаң сақтау бақылауға алынып отырады.

Жыл басынан барлығы 43 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде шағымдар мен заңбұзушылықтар орын алған жоқ.

Бөліммен көрсетілетін қызметтер және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар талаптарын түсіндіру мақсатында жыл сайын тұрғындар және кәсіпкерлермен семинар-кеңестер ұйымдастырылып отырады. Биылғы жылы 1 жартжылдықта 4 семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы», облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандық жұмыспен қамту орталығы өкілдері қатысып, іске асырылып жатырған бағдарламаларына кеңінен түсінік беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қабылдау басталғаны туралы жергілікті газеттерге 1 хабарлама, аудандық әкімдік интернет-сайтында 1 хабарлама жарияланды.

4) Рұқсат беру функциясы – бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжат айналым, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі бойынша, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұзу фактілері орын алған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

6)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

7) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

8) Сот актілері-бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ;

9) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10) Бөлімде сенім телефоны толықтай жұмыс істеп тұр.

11) Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларациялары 2019 жылдың ақпан-наурыз айында тапсырылды.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласы болып отыр. Сондай-ақ, бөлім арқылы көрсетілуі белгіленбеген (облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер) кейбір қызметтерді жергілікті жерде үйлестіруші орган ретінде бөлім мамандарының қызмет алушылармен тікелей байланыс жасауы да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болуы мүмкін. Осы орайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және ұйымдастырушылық-консультативтік берілетін көмектер көрсетуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұйымдастыру қажеттігі анықталды.

 

 

 

Аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің

басшысы, жұмыс тобының төрағасы Н. Утегенов

 

Аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің

бас маманы К. Ермуханов

 

 

Аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің

бас маманы Р. Жаксыбаев

 

Аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің

бас маманы М. Капузанова


Мақаланың шыққан күні: 26.07.2019 11:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2019 11:48

Қаралым саны: 660