Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2020

Қызметтер

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44 бабына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы облыстық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 2018 жылғы 25 наурызда өткен сайлаудың қорытындылары жөнінде ХАБАРЛАЙДЫ:

№ 12 облыстық сайлау округі бойынша

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар саны – 14 895

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 8923

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

1) Ералиев Дархан Нұркенұлы - 1493

2) Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы – 6203

3) Смағұлов Серік Мұраденұлы - 979

Дауыс берудің нәтижесі бойынша Атырау облысы мәслихатының депутаты болып Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы, 1975 жылы туған, «Атырау» ӘКК ҰҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

 

№ 16 облыстық сайлау округі бойынша

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар саны – 12 831

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 8558

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

1) Сарсенғалиев Мәлік Сыдиқұлы – 1662

2) Сисенов Айтпай Фандыбайұлы - 5648

3) Хамбар Қазбөлек Хамбарұлы – 1217

Дауыс берудің нәтижесі бойынша Атырау облысы мәслихатының депутаты болып Сисенов Айтпай Фандыбайұлы, 1967 жылы туған, «Гарант Астана» ЖШС-нің байқаушылар Кеңесінің төрағасы, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

 

№ 22 облыстық сайлау округі бойынша

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар саны – 11 421

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 9330

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

1) Бигамбаев Малік Қабдрашұлы – 858

2) Кулгалиев Сағидолла Саламатұлы - 7391

3) Құсайнов Алмас Меңдешұлы – 1068

Дауыс берудің нәтижесі бойынша Атырау облысы мәслихатының депутаты болып Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы, 1962 жылы туған, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Индер газ шаруашылық бөлімінің директоры, Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

 

Атырау облыстық аумақтық және облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары

 

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44 бабына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 25 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өткен сайлаудың қорытындылары жөнінде ХАБАРЛАЙДЫ:

 

№1 сайлау округі бойынша

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне – 11 538 азамат енгізілді,

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 6240

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

1) Джанглишов Ринат Бауыржанұлына – 3444

2) Сәду Нұржан Айтқалиұлына - 1356

3) Сулимова Маржангүл Құбиқызына -1055

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы №1 сайлау округі бойынша қалалық маслихаттың депутаты болып:

Джанглишов Ринат Бауыржанұлы, 1982 жылы туған, «Сауда үйі Атырауинжстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Атырау қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланғанын хабарлайды.

 

№13 сайлау округі бойынша

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне – 7325 азамат енгізілді,

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 4121

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

1) Наубеков Зұлқағида Нұрғалиұлына– 2439

2) Тоқмұрзиев Қайырбек Ерғалиұлына - 534

3) Шарипов Таутас Ғазизұлына - 941

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы №13 сайлау округі бойынша қалалық маслихаттың депутаты болып:

Наубеков Зұлқағида Нұрғалиұлы, 1973 жылы туған, «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Атырау қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланғанын хабарлайды.

 

Атырау қалалық аумақтық және қалалық мәслихат депутаттарын

сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары

 

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44 бабына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына 2018 жылғы 25 наурызда өткен сайлаудың қорытындылары жөнінде ХАБАРЛАЙДЫ:

№ 7 аудандық сайлау округі бойынша

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар саны – 1632

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 1423

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

1) Қабушев Алмас Құбайденұлы - 87

2) Сагынбаева Орындық Қалиқызы – 82

3) Сүйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы -1248

Дауыс берудің нәтижесі бойынша Махамбет аудандық мәслихатының депутаты болып Сүйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы, 1982 жылы туған, Махамбет аудандық орталық ауруханасының директоры, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

 

Махамбет аудандық аумақтық және аудандық

мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі

округтік сайлау комиссиялары


Мақаланың шыққан күні: 26.03.2018 05:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 08:26

Қаралым саны: 2180