Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

Шабдиров Айдын Дарханұлы

Шабдиров Айдын ДархановичШабдиров Айдын Дарханұлы 1987 жылы 25 шілдеде Атырау облысында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Атырау мұнай және газ институтын бітірген, мамандығы-геология және барлау.

Шабдиров Айдын Дарханұлы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына 2016 жылы қазан айында геолог мамандығына қызметке қабылданды. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты. Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Сырт келбеті ұқыпты. Дене бітімі дамыган. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым,моральдық жағынан ұстамды. Үлкенге демеу,кішіге қамқор бола білетін қасиеті, Айдынды ұжым ішінде беделді етті. Ешкіммен дөрекі сөйлеспеуі, өзіне ұнамаған нәрсені сыпайы түрде жеткізуі, отбасынан алған тәрбиесі деп ойлаймын. Себебі оның ата-анасы да дәрігер интеллигент адамдар. Солардың барлық жақсы қасиеттері Айдынның бойынан табылуда. Көргенінің жақсы-жаман жақтарын сараптай біліп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білу, сол арқылы жақсы қасиеттерді түйе білу, бойына сіңіре білу, Айдынға тән қасиет.

«Жайықмұнайгаз» басқармасы да Айдынның болашағынан зор үміт күтуде. Себебі бұрынғы істеген «Каспиймунагаз» мекемесінде алған теориялық білімін, өндірісте тәжірибемен ұштастыруда және алғашқы нәтижелері де көріне бастауда. Оның ұжымның бір мүшесі ретінде басқарманың әлеуметтік, қоғамдық өмірінде белсене араласып, жаңа демократиялық үрдіс кезеңінде ілгері дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқанына әріптестері куә. Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғары дәрежеде деуге болады. Мекеменің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.

Өзіндік ерекшеліктері-іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер.

Сөзімізді қорыта келіп, Жайықмұнайгаз ұжымы, әріптесіміз Айдынға алдағы уақытта деніңе саулық тілей отырып, ұжымның жұмысының алға басуына зор улес қосады деген сенім артады.

Отбасында жолдасы Шынар және Ақнұр, Ақназар атты сәбилер бар. Ұрпақтарына да үлгілі әке болып жүр.

 


Мақаланың шыққан күні: 05.07.2019 14:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.07.2019 16:50

Қаралым саны: 1750