Array Басқарма басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.06.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Баженов Арман Сырымұлы - Жер қатынастары басқармасының басшысы

Баженов Арман Сырымұлы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында 1980 жылы 21 шілдеде дүниеге келген.
2001ж. Атырау мұнай және газ институты оқуға түсіп, «инженер – экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2012ж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін сырттай бітіріп, «жерге орналастыру» мамандығын алып шыққан.
Алғашқы еңбек жолын 2003ж. Ақкөл поселкелік округі әкім аппаратының бас маманы болып бастаған.
2005-2006ж. Ақкөл поселкелік округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2006-2007 жылдар аралығында Көптоғай селолық округі әкім аппаратының бас маманы болып қызмет атқарған.
2007ж Атырау облысы жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2007-2008 жылдар аралығында Атырау облысы жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2008 жылдың 14 сәуірінен бастап Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.
2015 жылғы 19 мамырдан бастап Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 – жылдығына» орай төс белгісімен марапатталған. Жанұялы.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 13:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 13:03