Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.08.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Басқарма басшысы

Аты-жөні: Әубәкіров Игілік Айдарұлы

Лауазымы: Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы

Қызмет телефоны: 8 (7122) 512-498

Мекен-жайы: 060011, Атырау қаласы, Пушкин көшесі 163

E-mail: atyrau_enbek@mail.kz

Әубәкіров Игілік Айдарұлы 1975 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетін инженер-механик және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды облысы сот орындаушылар және сот приставы департаментінің сот приставы болып бастап, кейін Қарағанды облысы соттар әкімшісінің сот орындаушысы, Қарағанды облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлімінің жетекші маманы, бөлім бастығы болып жалғастырған, Астана қаласы Алматы ауданы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік Ұлттық институты директорының орынбасары, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ-ның Астана қаласындағы өкілдігі директоры болып жұмыс жасаған.

2010 – 2013 жылдары аралығында Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2013 жылғы тамыз айы - 2016 жылғы маусым айы Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және кадр мәселелері жөніндегі орынбасары.

2016 жылғы маусым айынан бастап Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы.

 

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы И. Әубәкіровтің 2016 жылдың жеке табыс салығы және мүлкі бойынша мәліметтері

Басқармаға басшы болып тағайындалғаннан бастап 2016 жылы тапқан табысы - 2 254 741 теңге, мемлекетке төленген салық мөлшері – 145 890 теңге. Жеке иелігінде Атырау қаласында пәтері және Hyundai Santa Fe автокөлігі бар.

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 15:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.08.2017 12:22