Array Басқарма басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Атырау облысы Құрылыс басқарма басшысы-Махуов Тілек АлдабергенұлыБасқарма басшысы Махуов Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат селосында дүниеге келген. 1994-1999 жылы инженер механик мамандығы бойынша Атырау мұнай және газ институтын және 2002-2008 жылы құрылыс инженер мамандығы бойынша Казақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Атырау қаласы АҚ «Болат-Жол» жол-монтер жұмысынан бастайды. 2000 жылы Индербор поселкесі «ИндерСтройИндустрия» жол-монтері, 2001 жылы Индер аудандық әкімиятының құрылыс және қала құрылысы бас маманы, 2001 жылы «Күмбез» ЖШС-нің жобалаушысы, 2003 жылы Атырау қаласы «ПроектСтройКомплект» ЖШС-нің маманы, 2004 жылы Атырау қаласы әкімиятының сәулет құрылыс және қала құрылысы бас маманы, 2006 жылы Атырау қаласы «Қала көркемдеу» жоспарлау және құрылыс жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы, 2008 жылы Атырау қаласы «АтырауБасЖоспары» ЖШС-нің бас маманы, 2009 жылы Атырау қаласы «ПроектСтрой» ЖШС-нің құрылыс инженері, 2011 жылы Астана қаласы Әкімшілік департаменті күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2013 жылы Астана қаласы «Аутсорсинг-кадры» ЖШС-нің жұмыс жүргізушісі, 2013 жылы «Bi-Development» ЖШС-нің техникалық қадағалау бөлім маманы, 2014 жылы Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жасайды.
2014 жылдан бастап Атырау облысы Құрылыс басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта 2016 жылғы 24 наурыздан бастап облыс әкімінің өкімімен Атырау облысы Құрылыс басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 14:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 14:36