Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Рысқалиев Сырым Мұратұлы
Рысқалиев Сырым Мұратұлы, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында 1966 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. Отбасылы, үш баласы бар.
1973 – 1983 жылдары аралығында Махамбет селолық орта мектебінде тәлім талды.
1984 жылдың 1 қаңтарынан 1984 жылдың 5 мамырына дейін жұмысшы ретінде Махамбет селосы «Казсельхозтехника» мекемесінде жұмыс атқарды.
1984 – 1986 жылдары аралығында СССР қарулы күштері қатарында екі жыл әскери міндетін өтеді.
1986 -1987 жылдың 7 желтоқсанына дейін Махамбет селосында «Жөндеу мекемесінде» автокөлік жүргізушісі болып жұмыс жасады.
1987 жылы 20 желтоқсаннан 1988 жылғы 25 маусымға дейін Алматы қаласының Қазақ ауыл шаруашылығы институты жанындағы дайындық курсында оқыды.
1988 – 1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы институтында оқыды.
1993 жылы институты аяқтап өсімдік қорғау агрономы мамандығымен 13 мамаырда Атырау облысы, Махамбет ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас – маман аграном болып қызметке тағайындалды.
1999 жылы ауыстыру жолымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына маркетингілік және аграрлық саясат бөлімінің бастығының қызметіне тағайындалды.
2002 жылы 28 маусымда Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2007 жылы 11 қаңтарда Атырау облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды.
2007 жылдың 5 қыркүйегінде Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2008 жылдың 25 қаңтарында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2008 жылдың 20 қарашасынан бастап Мақат ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.
2010 жылдың 26 қарашасынан бастап Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқарма бастығының қызметін атқарды.
2012 жылдың 25 қаңтарынан Қызылқоға ауданы әкімі.
2012 жылдың 13 қыркүйегінен Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен наградталды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2014 жылы «Құрмет» Ордені иегері.
2017 жылғы 3 мамырда Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

 

Атырау облысы Ауыл шаруашылығыбасқармасының басшысы С.Рысқалиевтың    2014жылдың жеке табыс салығы және мүлік бойынша
мәліметтері


2014 жылы тапқан табысы – 3 193360 теңге, мемлекетке төленген салық мөлшері – 229 311 теңге, зейнетақы қорына аударылғаны – 281 411 теңге, 2015 жылдың 1 қаңтарына зейнетақы қорындағы жинағы – 2 645 402 теңге. Жеке иелігінде пәтер, басқа мүлігі жоқ.

 

 

Рысқалиев Сырым Мұратұлының
2013 жылы бойынша табыс салығы мен мүлік салығы туралы
АҚПАРАТ
Табысы (соның ішінде еңбек ақысы) –2 362 154 теңге
Ұсталынған табыс салығы –186 713 теңге
Жылжымайтын мүлік: жоқ

Декларация 2015-2016 (JPG 135 Kb)

 

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 2016 жылға қаралған бюджеттік бағдарламалары
15 қаңтар 2016

 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің Бюджеттік бағдарламасы 2016-2018 жылдарға арналған (94 кб)


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.08.2017 11:11