Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

АРЫСТАН ҚАДЫРЖАН БАКТЫҒАЛИҰЛЫ

1958 жылдың 20 маусымында Атырау облысы Өрлі селосында дүниеге келген.

1975-1979 жылдары – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің физика-математика мұғалімі мамандығының дипломын алған.

1979-1981 жылдары – Еңбекші орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, Теңіз КТУ-188 тәрбиешісі.

1981-1987 жылдары – КТУ-188 Комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушы, қаржы және есеп бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО аудандық комитетінің хатшысы.

1984-1988 жылдары – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономист мамандағы бойынша білім алған.

1987-1991 жылдары – Теңіз аудандық ААӨБ экономисі, Киров атындағы совхоздың бас экономисі.

1991-2001 жылдары – Коммерциялық құрылымдардағы жұмыстары, жеке кәсіпкерлік.

2001-2007 жылдары – Атырау облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы.

2007-2008 жылдары – ЖШС «Орда-Агро-Инвест» директоры.

2008-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Сенат Парламентінің Ауылшаруашылық сұрақтары, табиғат пайдалану және ауылдық жерлерді дамыту бойынша Комитетпен байланыс орнату Бөлімінің бас консультанты.

2016 жылдың маусымынан бастап Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

 

Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2013 жыл);
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 жыл);
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 жыл).

 

 

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы табыстар мен дүние мүліктері туралы мәліметтерді жария етеді:

 

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арыстан Қадыржан Бақтығалиұлының 2016 жылғы тапқан табысы – 2 298 495 теңге, одан мемлекетке төленген салық мөлшері – 146 489 теңге, зейнетақы қорына аударылған – 146 489 теңге,кәсіподаққа – 13530 теңге.

Шетелдік есепшоттарымның жоқтығын, көрсетілген табысымның толықтығын растаймын.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 17:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 04:43