Array Басқарма басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Джанибеков Дияс АскаровичЖәнібеков Дияс Асқарұлы 19 шілде 1984 жылы дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін заңгер, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» Халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Италияның Рим қаласындағы «Ла Сапиенца» университетін тәмамдаған. Әлеуметтік ғылыми және гуманитарлық қатынастар жөніндегі магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «Республикалық шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық-көрме орталығы» жабық акционерлік қоғамының маманы болып бастаған.

2005-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқармасында жетекші маман, бас маман, сарапшы болып қызмет етті.

2009 жылы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы корпоративтік басқару департаментінің бас менеджері, «Design konzept Jordan Kazakhstan» ЖШС директорының орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, кейін басшысы болды.

2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, Атырау облысы әкімінің аппараты индустриялды-инновациялық даму бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың мамыр 2016 жылдың ақпан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.

8-ші ақпаннан 2016 жылдан бастап Атырау облысы әкімінің өкімімен: Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 11:37