Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Басқарма басшысы

Руководитель управления

Аты-жөні: Тұхфатов Бауыржан Зайденұлы

Лауазымы: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күні: жұма, сағат 10:00-ден -12:00-дейін қызмет телефоны: 355906 е-mail: a.energetika@atyrau.gov.kz

Тұхфатов Бауыржан Зайденұлы 1967 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген. 1985 – 1992 жылдары В.И.Ленин атындағы Иваново энергетикалық институтында инженер-электрик мамандығы бойынша білім алған. 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономика және басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Атырау Жарық» АҚ инженер лауазымынан бастап, 1998 жылға дейін апатқа қарсы автоматтық орталық қызметінің жетекшісі лауазымын атқарған. 1998 жылы «Атырау Жарық» АҚ орталық қызметі бастығының орынбасары, 1999-2000 жылдары «Атырау Жарық» АҚ өндірістік-техникалық қызметінің бастығы – бас инженердің орынбасары, 2000-2004 жылдары «Атырау Жарық» АҚ Метрологиялық қызмет бастығы – Бас метролог, 2004 жылы «Атырау Жарық» АҚ Бірінші вице-президентінің орынбасары – бас инженер лауазымын атқарған. 2006-2013 жылдар аралығында «ОблТрансГаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры лауазымын атқарған. 2013 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, 2014 жылы Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған. 2017-2018 жылдары Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметінде болған.

2020 жылғы 21 мамырдан бастап Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы лауазымын атқаруда.

 

 


 

 

 

Руководитель управления

Аты-жөні: Мукишев Данияр Рахметоллаұлы

Лауазымы: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күні: сейсенбі, сағат 15:00-ден -17:00-дейін

қызмет телефоны: 77-74-87 е-mail: atyrauenergetika@yandex.kz

Мукишев Данияр Рахметуллаұлы, 1991 жылы 8 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Атырау қаласы «Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжін» құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, 2014 жылы Орал қаласындағы «Батыс Қазақстан Инженерлік - Гуманитарлық Университетін» құқықтану мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2010 жылы «Дас-Сервис» ЖШС-де заңгер қызметінен бастаған. 2011 жылдың желтоқсан айынан қыркүйек айына дейін Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының құқық және кадр бөлімінде маман көмекшісі қызметін атқарған. 2012-2017 жыл аралығында Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң және кадр қызметі бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2018 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

 

 


 

 

Руководитель управления

Аты-жөні: Нұрғалиев Асан Серікұлы

Лауазымы: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күні: жұма, сағат 10:00-ден -12:00-дейін

қызмет телефоны: 35-59-06 е-mail: a.energetika@atyrau.gov.kz

Нургалиев Асан Серикович, 1971 жылы 22 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Атырау қаласы «Атырау темір-жол техникумын» техник-электромеханик мамандығын бойынша бітіріп, 2008 жылы Атырау қаласындағы «Атырау мұнай және газ институтын» энергетик мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1994 жылы «Мұнай химиялық құрылыс жөндеу» АҚ-да слесарь қызметінен бастаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 2005 жылдары маусым айынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде жетекші маман қызметін атқарған. 2007-2012 жыл аралығында Атырау қалалық құрылыс бөлімінде бас маман атқарды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап 2014 жылдың 11 желтоқсанына дейін Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2014 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

 

 
 
 

Руководитель управления

Аты-жөні: Канапин Cерікқали Алпамысұлы

Лауазымы: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күні: бейсенбі, сағат 16:00-ден -18:00-дейін қызмет телефоны: 35-53-33 е-mail: a.energetika@gov.kz 

Канапин Сериккали Алпамысович, 1978 жылы 9 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы коммерциялық институтын экономист мамандығын бойынша бітіріп, 2006 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін Орал қаласында заңгер мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1997 жылы Орал қаласы Салық комитетінің салық инспекторы қызметінен бастаған. 1999-2012 жылдары аралығында түрлі мекемелерде бухгалтер, заңгер қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 2014 жылы қаңтар айынан бастап БҚО, Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде бас маман қызметін атқарған. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Орал қаласы БҚО-ның Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газдандыру, электрлендіру бөлімінің бас маманы, 2018 жылы БҚО-ның Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2019 жылдың 19 маусымынан бастап Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2016 12:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.05.2020 15:05

Қаралым саны: 6148