Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Басқарма басшысыБасқарма басшысы Әліпбаев Рашит Мұзатұлы 1964 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келген.

1979-1983 жылдары техник-құрылысшы мамандығы бойынша Қаратау таукен-құрылыс техникумын және 1986-1991 жылдары құрылыс инженері мамандығы бойынша Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Есік қаласы ЖМК-4 «Есікагропром» МКБ құрылыс шебері болып бастайды. 1992-2005 жылдары құрылыс саласында шебер, прораб, І санатты маман және кәсіпорын төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды.

2005-2013 жылдары Маңғыстау облысы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында жетекші маман, бөлім басшысы, 2013-2015 жылдары Жамбыл облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстары комитетінің бас сарапшысы.

Қазіргі уақытта 2017 жылғы 2 маусымнан бастап облыс әкімінің өкімімен Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.

 

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Р.Алипбаевтың 2017 жылдың маусым, шілде айларындағы жеке табыс салығы және мүлігі бойынша мәліметтері

2017 жылғы маусым және шілде айларында тапқан табысы – 359 415 теңге, мемлекетке төленген салық мөлшері – 34 796 теңге. Жеке иелігінде пәтер және ГАЗ-53 көлігі бар.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 16:53
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.08.2017 11:48