Array Басқарма басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Нұрғайша Халидоллақызы Абежан 1969 жылы 25 тамызда Гурьев облысының Новобогат ауданы Чапаев селосында дүниеге келген.

1976-1984 Аққыстау орта мектебінде оқыған.

1988-1994 жылдары Саратов Мемлекеттік техникалық университетінде «Құрылыстағы экономика және басқару» (инженер-экономист), 2002-2004 жылдары Каспий қоғамдық университетінің «Қаржы және несие» (экономист) мамандықтары бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын мектеп бітіргеннен кейін 1986-1988 жылдары «Ембімұнайқұрылыс» трестінің «ЖМК-2» мекемесінде бастады.

1994-1997 жылдары Исатай ауданы әкімі жанындағы «Құрылыс кәсіпорыны дирекциясында» маман, бас есепші болған.

1997-1999 жылдары Атырау облысы әкімдігінің күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы.

2000 жылдың ішінде Атырау қаласы әкімі аппаратының қалалық транспорт, өнеркәсіп, энергетика және байланыс бөлімінің бас маманы-бас есепші, Исатай ауданы әкімі аппаратында бас маман-бас есепші болған.

2003 - 2013 жылдары Исатай аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі, экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытта Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарады.

2008 жылы «Астана қаласы 10 жыл » мерекелік медалімен, 2010 жылы «Исатай ауданының Құрмет Грамотасымен», алғыс хаттарымен марапатталды. 2013 жылы халықаралық «Лучшие люди»(Ресей, Қазақстан, Беларуссия, Украина, Қырғызстан) энциклопедиясына енгізілген.

 

Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының табыстары мен дүние мүліктері туралы мәліметтерді жария етеді:
Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Абежан Нұрғайша Халидоллақызы 2013 жылғы тапқан табысы - 2 530 677 теңге, одан мемлекетке төленген салық мөлшері – 399 959 теңге. Жеке меншігінде дүние мүлік жоқ. Шетелдік есепшоттарымның жоқтығын, көрсетілген табысымның толықтығын растаймын.
Басқармадағы бос мемлекеттік әкімшілік орын: бас маман - заңгер (DO-4).

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының табыстары мен дүние мүліктері туралы мәліметтерді жария етеді:
Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Абежан Нұрғайша Халидоллақызы 2014 жылғы тапқан табысы
3 068 256,0 теңге, одан мемлекеттке төленген салық мөлшер 244 204,0 теңге. Жеке меншігінде дүние мүлік жоқ. Шетелдік есепшоттарымның жоқтығын растаймын.

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының табыстары мен дүние мүліктері туралы мәліметтерді жария етеді:
Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Абежан Нұрғайша Халидоллақызы 2015 жылғы тапқан табысы
2 316 802,0 теңге, одан мемлекеттке төленген салық мөлшер 182 879,0 теңге. Жеке меншігінде дүние мүлік жоқ. Шетелдік есепшоттарымның жоқтығын растаймын.

Байланыс телефоны: 35-45-58

 



Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары

Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы, 1984 жылдың 15 қазанында Гуреьев облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келді.

1990-2001 жылдары Индер ауданы, Есбол (Кулагино) селосының Жамбыл атындағы орта мектебінде білім алды.

2001-2002 жылдары «Есбол» АҚ-ның машина-тракторлық паркінде қызметін атқарды.

2002-2006 жылдары Орал қаласының Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының әлемдік экономика мамандығы бойынша оқуға түсіп, Халықаралық экономист мамандығын алды.

2006-2007 жылдары Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

2007-2010 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас маманы, 2010-2013 жылдары ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы, 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.


galimov maksutАтырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары

Ғалымов Мақсот Мәдиұлы, 1979 жылдың 28 қыркүйегінде Гурьев облысы, Денгиз ауданы, ММС ауылында дүниеге келді.

1986-1996 жылдары Атырау қаласы, №1 Ленин атындағы орта мектебінде білім алды.

1996-2000 жылдары Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Қаржы және несие» саласы бойынша оқуға түсіп, экономист және қаржыгер мамандығын алды.

2000-2001 жылдары Алматы қаласында әскери міндетін атқарды.

2001-2002 жылдары Атырау қаласы «Нұрбанк» банкінің несие бөлімінің маманы;

2004-2005 жылдары Атырау қаласының Қалалық қаржы бөлімінің бас маманы;

2005-2013 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар бөлімінің басшысы;

2013-2015 жылдары Атырау қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысының орынбасары, 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.


abuov r zhАтырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары

Абуов Рафик Жомартұлы, 1982 жылдың 5 қыркүйегінде Гурьев облысы, Индер ауданы, Жарсуат селосында дүниеге келді.

1988-1999 жылдары Индер ауданы, Жарсуат селосының Махамбет атындағы орта мектебінде білім алды.

1999-2003 жылдары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің менеджмент мамандығы бойынша оқуға түсіп, экономист мамандығын алды.

Еңбек жолын 2003 жылы «М-Интер-Трейд» ЖШС компаниясының сауда өкілдігі қызметінен бастаған.

2004-2006 жылдары «Мұнайқұрылыссервис» ЖШС-де бақылаушы;.

2006-2007 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы;.

2007-2008 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің Әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, 2010 жылы Әлеуметтік сала бөлімінің бастығы;

2010-2011 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім беру, мәдениет, спорт және мұрағаттар саласына бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімі бастығы;

2011-2013 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Инвестициялық саясат бөлімінің басшысы;

2013-2014 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшы орынбасары;

2014-2015 жылдары Атырау облысы «Нұр Отан» Партиясының Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 09:57